Сүйгенімен кездескен көшелерін, Ұмыта алмайды ғой ешбір ғашық
Жанымды жылытпайды жанбағыс түк,
Жүргендігі болмаса алданыш қып.
Кеткім келіп тұрады саған қарай
Талғар ыстық жаныма, Талғар ыстық.
Өйткені онда сен барсың, тау іргеде,
Шыңға қарай жүзетін ауыр кеме.
Сезімдер оттан ыстық деуші едік қой
Жағдайымыз болмады тәуір неге?
Уәде бердің, сендірдің. Кете бардың,
Енді сені көздейді бөтен әркім.
Ойлар мені талайды оңашада,
Жеке қалғым келмейді, жеке қалғым.
Бүгін міне Талғарға тағы келдім,
Баяғы арманыммен әбігермін.
Сені аңсадым жаныма ем болар деп,
Дәрісін керек қылмай дәрігердің.
Ел орнында, кетпепті көшкін басып,
Таныс жермен отырмын кеш мұңдасып.
Сүйгенімен кездескен көшелерін,
Ұмыта алмайды ғой ешбір ғашық.
Білесің ғой мен таудың баласымын,
Дала сырын түсінер, ана сырын.
Күз келгенде үзіліп кете барар,
Жапрағы секілді ағашының.
Ал, жақсы онда, Талғардан барам кетіп,
Менсіз де бұл қалада адам жетік.
Мендегі сағынышты сезіне біл,
Жел арқылы тұратын хабар жетіп.
Иә, рас, Талғар ыстық, үміт таңдар,
Қиялды қолдан елсе, құрықтаңдар.
Бастысы сүйгеніңе апаратын,
Жолдарды ешқашан да ұмытпаңдар.
Абайдың романы
Айбек Қалмағамбетов. Жоғалған қыз туралы аңыз
Абайдың махаббат консепциясы
Әдебиет - адам факторының бейнелеушісі
Қарғын. Дулат Исабеков
Қытайдағы театр өнерінің қалыптасуы және дамуы
Сұлтанмахмұттың махаббат лирикасына Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын
Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі
ӘЙЕЛ ДЕГЕН ӘЛЕМ БАР
Міржақып дулатов- зерделі сөз зергері
Ғашықтар күні
Біз ешбір елге тәуелденбей, қой үстіне жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатқанымыз - Тәуелсіздіктің арқасы
Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты
Сондағы берер тәрбиесі махаббаттан баз кешкен ғашықтардың қайғылы оқиғалары
Білесің ғой, шынында екеуін көрсем мейірімденіп қуанам
Балаларды жылата бересің ғой енді
Қырық қыз таба алмайды, жігітке
Қолың сынып қалмайды ғой одан
Болыпты ғой мына қыз
Шыны сол ғой енді