Рухы еркін, өзі еркін

Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.
Сен – қазақсың!
Бір Алланың құлысың!
Адамға адам құл болғаны — құрысын.
Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай,
Қалған ұлтсың. Қаһармансың! Ұлысың!
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі!
Сен – қазақсың!
Байырғы жұрт – түздегі ең,
Табиғаттан тән тамырын үзбеген.
Қолын жайып, Көктен өмір сұраған,
Жер бетінен жерұйықты іздеген.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!
Сен – қазақсың!
Отаншылсың, тектісің!
Айбарлысың, ақылдысың, беттісің!
Көп болуға,
Бір болуға тиіссің,
Көрмеу үшін жаттың езгі, тепкісін!
Сен – қазақсың!
Рухы еркін, өзі еркін!
Мұзбалақсың, сорғалаған сөзі еркін!
Қайталанбас күйшісің сен құя алған
Домбыраның өзегіне өз өртін!
Сен – қазақсың!
Келе жатқан бағы асып,
Адамзаттық ізгілікке жол ашып,
Дастарқанның – елшілігің ежелден,
Мейірбансың, меймандоссың қолы ашық.
Сен — қазақсың!
Ғарышкерсің, жаны – аспан.
Өрелісің, өз орнына таласқан.
Төрге лайық марқасқасың, мықтысың,
Төрткүл дүние саясатта санасқан.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!



Ұқсас жұмыстар

Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу
Гегельдің рух философиясы
Мемлекеттік билікті бөлу теориясы
Рухы мықты елдің келешегі кемел
Моноұлттық мемлекет құру
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұны
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Эссені бағалау
Дәстүрлі діни түсінік
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Қаламгерлік көсемсөзі
Құран Кәрім Ислам дінінің негізгі көзі.
Дермополимиозит
Натуралистшіл немесе позитивтік
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары
АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ