Осы жазда ауылға тағы бардым, Тағы оянды ауырлау мәні бар мұң
Осы жазда ауылға тағы бардым,
Тағы оянды ауырлау мәні бар мұң.
Сәрідегі жұлдыздың жарығындай
Әрідегі жайттарды жадыма алдым.
Осы жазда ауылға тағы бардым,
Тағы оянды ауырлау мәні бар мұң.
Көкқасқалар танаптан оралуда,
Оралмайтын шағымды жадыма алдым.
Келінтөбе бауырына жағып алау,
Таң көрінді.
Таңымды сағынам-ау.
Тау күрішті ана жыл бірге аударған
Тау тұлғалы қарт диқан танымады-ау.
Жерге сіңіп жатқандай үні барып,
Газик әрең ілбиді ыңыранып.
Жіңішке арық құйрығын
бұлғаңдатты,
Басын біздің атызға тығып алып.
Күндер де жоқ баяғы, дүрмек те жоқ,
Кімге кінә артамын, кімге өкпелеп.
Саяқсыған мен құсап
сан досымнан
Ну тоғайдан қалыпты бір кек терек.
Сирей берді сағымы барқыт белдің,
Жолға түсіп, үн-түнсіз тартып бердім.
Жалғыз ағаш нені айтып сыңсиды деп
Toп шеңгелден сұрауды артық көрдім.
«ТОНЫКӨК» (ТОНИҚҰҚ) ЕСКЕРТКІШІНІҢ АУДАРМАЛАРЫН САЛЫСТЫРА ҚАРАҒАНДА
Туған халқына мәңгілік мұра болған Мұхтар Әуезов
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Төлеген Қажыбаевтың шығармашаларындағы троптар
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982)
Еңсеп. Әңгіме
Ай мен Айша романы
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ туралы
Қазақ халқының жоқшысы
Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Басқару процесiнiң мазмұны
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ҚР-дағы мұнай нарығының даму заңдылықтары және тенденциясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу