Ақыл айттым, ұл - қызым, ұрпағыма арнадым, Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын

Ақыл айттым, ұл – қызым, ұрпағыма арнадым,
Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.
Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,
Ене көрген – тон пішер деген сөзді жалғадым.
Жақсы ойланып, жастарым, мұның да байқа салмағын,
Біреулер мақтап жағынар, көре алмай біреу тарылар.
Ойдағыны айтты деп, біреулер мені сағынар,
Түсінетін сөз мәнін жақсы адамдар табылар.
Ағайын – туыс, құрбылар білгенін мақтап, жыр қылар,
Кейбіреуі жамандап, жегеніңді құм қылар
Ауыз бірлік сақтаған, берекені жақтаған
Ал туысқан ағайын, қайсыбірін жазайын -
Көре алмаған адамдар, өзі тартсын сазайын.
Жастарыма – аманат, тыңдасаңдар жамағат,
Жастарыма бұл сөздің қалғандары аманат.
Берекемен басқарып, біріңді – бірің қамдаңдар,
Білім менен өнерде тағы да артта қалмаңдар.
Жастар деп соққан жүрегім, туысты жақсы білемін,
Бақытты жастар болыңдар, қабыл болсын тілегім.



Ұқсас жұмыстар

Ғали Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау
Құтты біліктің зерттелуі
Менің жанұям
Мақал - мәтел мағыналы шығарма
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Менің отбасым
Тайыр Жомартбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ