Жүрегімді екіге бөліп берген, Түсінбеймін соңғы өткен айды мына

Ай құлады аспаннан айдыныма,
Қуанышты ұмыттым, қайғыны да.
Жүрегімді екіге бөліп берген,
Түсінбеймін соңғы өткен айды мына.

Бір адаммын деуші едім, бір жүректі,
Бір жүректі сұм жалған мың жүдетті.
Қақ жарылып бөлінген жалғыз жүрек,
Періштенің қолында дір-дір етті.

Кімді сүйіп, жалғанда кімді ұмыттым,
Бәлкім өткен күнімді, түнді ұмыттым.
Келерімде өмірге, айтшы әміршім,
Ақынды ма, пенде ме, кімді күттің?

Мен өмірді сүруді дәл осылай,
Әке болмай, біреуге ағасымай,
Тоқтатамын.
Жүректің емдеп өтсін,
Аспанда күн, немесе жарасын ай.

Қанша бақыт сыйлап ем саған да бір,
Қанша уақыт бересің маған дәуір?
Жүрегімді бөлді де кетті жылдар,
Сансыз тағдыр жүргенде санамда ауыр.

Солай, дәуір, осылай қоштасайық,
Мәңгілік пен жалғыздық достасайық.
Жеті дерек, жеті күн, жеті ғасыр,
Екі бөлек жүректі жасқа шайып,

Уақыт қалсын еленбей сағаттарда,
Төзім қалсын жете алмай тағаттарға.
...Бір бөлігі жанымның әнге айналып,
Қалсын бірі өлең боп парақтарда...



Ұқсас жұмыстар

Өлеңдер жинағы
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Батыр Баян поэмасы
Хорезми танымында Қылыштан аққан қан
Өлеңге орын табам
ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Ораза ғибадаты
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Біз фразеосемантикапық өрісті көңіл семантикалық өрісінің тұтас жүйесінің салыстырмалы түрде дербес бір үзігі ретінде танимыз
ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЗАНҒАП
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі кезінде Қазақстан бәсеке қабілеттілігінің стратегиялық менеджменті
СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Кенорнында экологиялық жағдайды жақсарту
Ыдысты есертеу мына қажеттіліктерден туындайды
Кіші жүздің Ресей империясынын құрамына енуі.
Айдың және планеталардың серіктерінің қозғалысы
Күннің және Айдың тұтылуы
АНАЛАР ТЕМЕКIГЕ ҚАРСЫ
“Жас отандықтар” темекіге қарсы