Тұлпар болса алысқа арындайтын, Тынысымын ешқашан тарылмайтын

Қыран құстай аспандап ана тілім,
Көтерілсе, қауырсын-қанатымын.
Шалатұғын қиырдан не болмаса,
Жарқылдаған көзінің болатымын.

Самғау ғана жарасар көк құсына,
Тегеуріні менмін ғой, топшысы да.
Уа, Тәңірім, бар болсаң шыныменен,
Жолатпа оны атылар оқ тұсына.

Жерге түссе қонатын тұғырымын,
Тұғыр болар тамырдың түбірімін.
Не болсам да болайын тілім үшін,
Керегіне жарасам ғұмырының.

Тұлпар болса алысқа арындайтын,
Тынысымын ешқашан тарылмайтын.
Тұяғымын немесе көк темірдей,
Тасқа соқса сынбайтын, жарылмайтын.

Үйлесімін табамын, жарасымын,
Тілімдікі бойдағы бар асылым.
Тұра шапса көк мұзда тайдырмайтын,
Табандағы немесе тағасымын.

Түскен кезде тағдырдың егесіне,
Тағасының боламын шегесі де.
Қасиетіңнен, ана тіл, айналайын,
Халқым менің көтерген төбесіне!

Тұлпарым да өзіңсің, қыраным да,
Намысым да өзіңсің, ұраным да!
Көз жұмылып, қараңғы көрге кірсем,
Сенің үнің жатады құлағымда!

Иманым да өзіңсің, құраным да,
Жағылатын басыма шырағым да.
Өлген соң да сен үшін күресемін,
Аруақ болып орнымнан тұрамын да!…



Ұқсас жұмыстар

АЙТЫСТЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ахмет Жұбанов жайлы
Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы
Аттың сыны мен бабы, жүйрік, бәйге аттардың түрлері
Мұқағали Мақатаев
Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Ғұндардың атпаздығы мен жылқышылдығы
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
Қара қасқа тұлпары
Ана қандай қымбат болса қазақ үшін қазақ тілі сондай қымбат
Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне
Дәниел болса Күнтуардың жалғыз баласы
Маңай болса, толы шпион
Болса екен қазақ баласы
Тұрғандардың бір көзі жылан арбаған бақада болса, екінші көзі Жәмиланың қолында
Өтірік болса сақал жұлынсын, Қыз астындағы тырнадай
Ел боламын десең, бесігіңді түзе Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет
Атаң болса анаңмен