Қара суға қаймақ түсті, қараша ауыл қи жақты, Боз қырауға, бозайғырдай аунап түсіп қыр жатты

Қара суға қаймақ түсті, қараша ауыл қи жақты,
Боз қырауға, бозайғырдай аунап түсіп қыр жатты.
Қайтқан қаздың қаңқылынан келе-келе бұлт үркіп,
Қоңыр аңды жота-жонды аппақ ұлпа қар жапты.

Аппақ қарға, аппақ болып салар ертең құр ойнақ,
Жолаушыны жүргізбейді пыр-пыр ұшып шіл ойнап!..
Күп-күрең боп, алма-кезек күреседі күз бен қыс,
Тәкаппарлау таутекенің мүйізінде күн аунап...

Қайтқан құспен жоннан үркіп, ойға түстің, Қараша,
Жапырағың тоналған күз жаныңа кім араша?..
Қоштаса алмай біз секілді жылай-жылай жүдеген,
Үйір-үйір бұлттар көшкен, күз аспаны аласа ә!..



Ұқсас жұмыстар

А. Османова М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы етістік синонимдер
Ілияс Жансүгіров. КҮЙШІ (Поэма)
Еңсеп. Әңгіме
«Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті». Оқу құралы
Мұхтар әуезов "Көксерек"
Жүсіп Баласағұн (1020- ) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Балаларды табиғатпен таныстыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Аш бөрі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қарсыласының тактикалық ойын ескеру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
ҚАРАБУРА
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары