Қарғам - ау, себеп көп - ті мына өмірде, Себепсіз жүре алмайсың біреуің де

Қарғам-ау, себеп көп-ті мына өмірде,
Себепсіз жүре алмайсың біреуің де.
Бағың жүр.., жақсылардың жүрегінде,
Сорың жүр.., жамандардың тілеуінде.

Бәрі бір, бақ па сор ма қай-қайсысы
Жалдап жүрген жаныңның айғайшысы.
Күреңін мінгізсе де Күндей кісі,
Ақбозын мінгізсе де Айдай кісі...

Жетпейді Өгізіңе өзің мінген,
Өзің мінген Өгізге сөзің жүрген.
Қайтесің кісінікін кісінетіп,
Өз ғұмырың... басқадан безін, мүлдем!

Мені де дедектетті мына тағдыр,
Жылатып, өзімді өзім жұбатам құр.
Сұратып менде жоқты, желеу етіп,
Жетім өкпе көңілімді құлатар бір...

Білмеймін, не десе де мына жазған,
(Қашанда білем, білем,шыдам озған)
Мен қалай шат күлкіні өшіре алам,
Десе де, ...ұрланып кеп ұра қазған.

Қарғам-ау, не боп кетті мына жолым?
Мына жол көрсетпей тұр құба жонын.
Өтпейді-ау, өкініштің өтпелеңі,
Жетпейді-ау, шын бақытқа сірә, қолым!..

Сонда да бұл - сиқырдың сыры мұң ғой,
Сол мұңға батқан менің шырылым ғой.
Бірақ мен бақытсызбын дей алмаймын
Өйткені, Ол - менің ғана ғұмырым ғой..!



Ұқсас жұмыстар

Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі
Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері
Абайдың қара сөздері және оның тәрбиелік мәні
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Халқымыздың дарынды ақындары
Тасбақаның шөбі (әңгіме)
«Ұлпан» романы
Өмірдің мақсаты - мақсат үшін өмір сүру
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК