Ұмыт мені
Ұмыт мені...
ойлама,
өшір мені есіңнен,
Өлсін ойлар,
өлсін сөз,
өлсін Өмір есірген.
Менің досым – Өкініш – Сенің ессіз ғашығың,
Енді Мен де мыңдаған ғасырлардың жасымын.
Қан аралас жаспын – Мен, өтінемін жолама,
Менің сорлы сезімім қаңғып өлсін далада!
Өлсін дала қамығып,
Өлсін қала қағынып,
Мен де өлейін дұғамда.
Өлсін қазір Уақыт, ұмыт, ұмыт барлығын,
Өлсін түндер көміліп, өлсін шөлдеп зарлы күн!
Аңсар сөзін ұқпадың, Мен адастым жоқ шара,
Кінә тақпа Тағдырға, сосын, Мені ақтама.
Өткен ғұмыр – хақ Тағдыр, келер күндер Еркіңде,
Мен Еркіңде өртендім, Сен айныма сертіңде,
Өлді.
Бітті.
Жоғалды.
Сөнді үміт – қайғылы ой,
Ұмыт мені, ұйықта,
Әлди,
әлди,
әлди-ай,
Кекіліңнің әр талын гүлмен тарап берейін,
Кірпігіңді, жан сөзім, жырмен санап берейін,
Қайырындай Сәлемнің, мейіріндей Тілектің,
Көздеріңнен сүйейін ерінімен жүректің...
Ұмыт мені, болды енді мүлде, мүлде ойлама,
Бірге өткізген тәтті түн – Сенің Түсің жай ғана,
Ғұмырымды өрнектеп ақ махаббат билеген,
Бірге өткізген сәтті күн – Менің Түсім жай ғана...
Туған жердің құдіреттілігі
«Мұтылған» философиясы
Мұқағали Мақатаев жайында
Шәкәрім Құдайбердиев
Қазақ топырағында қалыптасқан философия
1986 ж. желтоқсан оқиғасы
Бала жанының бағбаны
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ : ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАЛҒАСТЫҚ
Қазақ әнінің ұлы көші
Менің Отаным – Қазақстан
Міндеттеменің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Мұра. туралы
Фотолюмениценция
Міндеттеменің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Мұра.
Менің елім – Қазақстан
Елім менің - еңселі
"Ұстазым, менің ұстазым!"
Менің қымбат жаным!
Менің ауылымның табиғаты өте көркем, сұлу
МЕНІ ЕРТІП КЕТТІ САҒЫНЫШ