Мұңайма мама, қайғырма мама, Салды ма сонша уайымға бала
Мұңайма мама,қайғырма мама,
Салды ма сонша уайымға бала?
Ұмтылу деген Астана жаққа
Ұмыту емес жайында дала.
Өксіме мама,өкінбе мама,
Ол енді жігіт, жетілген жаңа.
Өз өткендерін қалдырып кетті,
Өз арманына жетуге бола.
Арыма мама,налыма мама,
(Ең болмаса,деп, сағынады ма?)
Ол біліп сонша оқимын деумен,
Кім білген сонша қағынарына?
Құлама мама,жылама мама,
Жалғызың биыл оралмағанға.
Бақыт дегенің қасыңда,сірә
Табылмай қойды мына қалада.
Егілме мама, езілме мама,
Бойыңды билет төзімге ғана.
Шаңырағына келеді түбі
Шаңырағынан безінген бала
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Ерте жастағы аутизм балалардың ерекшеліктері
Жылқы бассын үйіңді
Тарихтан белгілі қасиетті ана атанған Ұмай ана
Дидахмет Әшімханұлының жазушылық лабораториясындағы әңгіме жанры және жазушының көркем сөз шеберлігі
Мектепке дейінгі балалардың уақыт бойынша бағдарлауын дамыту міндеттері
Тілді дамытудың алғашқы сатысы
Бастауыш сынып оқушыларының ортаңғы буынға өту кезеңі
ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы түс көру мотиві
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ДОМАЛАҚ АНА
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
Басқару процесiнiң мазмұны
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы