Мен осынау жүрегіммен, жаныммен, Алау ыстық қаныммен, Бойымдағы барыммен, Ақ қаймағы бір қасықтай фәнидіңТабынамын күлкісіне сәбидің
Мен осынау жүрегіммен, жаныммен,
Алау ыстық қаныммен,
Бойымдағы барыммен,
Ақ қаймағы бір қасықтай фәнидің
Табынамын күлкісіне сәбидің.
Сәбиі үшін тілемеп ем мың бақыт,
Орай мені мәңгі ерімес тоң-мұзға,
Өзге жанның жыры болған сол қызға.
Кейде анама бесік жырын жырлатып,
(Бұл сырымды еш бүкпесіз айта алам)
Сәби болғым кеп кетеді қайтадан.
Әзілдейді әз жеңгем:
Жұрт ұлына өбектейсің сонша кеп,
Қайтер едің бұл өз балаң болса деп.
Қам көңіл көл секілденіп қаз келген,
Бір серпіліп қалар мынау кең кеуде,
Жасы кіші інім сәлем бергенде.
Менің әкем әл үстінде жатқанда,
Бір сүйді де немересін алдырып,
Қалғып кетті мәңгілік.
Қара мая ақ ботасын тапқанда,
Жылағанын алғаш рет көргенмін
Бедеу әйел атанған сол жеңгемнің.
Жігіт болдық ел сенер,
Алға тартты бақыт деген бір кеме,
Сәуле шашар жақұт берем түнге де.
Сәби болғым келсе егер,
Бәрін қайта бастасам деп жүр деме,
Жыр есігін ашпасам деп жүр деме.
Туған өлкенің бейнесі
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
М. Байғұт шығармаларындағы табиғат көрінісі мен тіршілік көзі
АЗАМАТТЫҚ НЕКЕ– ЕЛДI АЗДЫРУДЫҢ БАСЫ
Ұлы Отан соғысын
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Пайғамбар
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
ДОМАЛАҚ АНА
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi