Алыс - алыс елдер де, Асу - асу белдер де, Тілек тілер Тәңірден, Қадір түні келгенде

Алыс-алыс елдер де,
Асу-асу белдер де,
Тілек тілер Тәңірден,
Қадір түні келгенде.

Қадір түні ардақты мың айдан да,
Шаттық нұры шашылсын мұңайғанға,
Дәулет беріп немесе нәубет беріп,
Өзі жаратқан құлдарын сынайды Алла.

Салып қойған тағдырға терең өрнек,
Бір Тәңірден білгір де көреген жоқ,
Тілейікші адамзат баласына,
Иман менен игілік бере көр деп.

Татулығын тілейік ел мен елдің,
Көлеңкесін түсірмей көлденең мұң,
Мейірімін оят деп жүректердің,
Пейілдерін кеңейт деп пенделердің.

Ала-құла ойлардан арылса көп,
Қуаныштан жүректер жарылса тек,
Жамағат боп тілейік Жаратқаннан,
Жақсылықпен жер бетін жарылқа деп.

Ақиқаттан адаспай мың сан арман,
Жайнаң қағып жұлдыздай тұрса да алдан,
Кірпік ілмей шығар ед таң атқанша,
Қадір түннің қадірін білсе адамдар.



Ұқсас жұмыстар

Наурыз – қазақша жыл басы
ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
«Қазақ батырлық эпосының» ерекшеліктерін таныту үшін эпос жанрының көрнекті өкілі Р.Бердібаев еңбектерін салыстыра зерттеу
Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық тәрбиемен сабақтастығы
Джалаладдин Руми еңбектеріндегі тасауфтық ұғымдардың зерттелуі тәсілдері
Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Қырғыз халқының Манас жыры (қазақ әдебиетінде зерттелуі)
М. Әуезов
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде