Қадірлі халайық, тойшы қауым, құда - жегжаттар, ағайын - туыстар

Қадірлі халайық, тойшы қауым, құда-жегжаттар, ағайын-туыстар!
Адамның бір қызығы бала деген дана сөз бүгін бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, құда-жегжатты болып жатырмыз деп анасы екеуміз қуансақ, немереміздің тойында отырмыз деп ата-аналарымыз қуанышты.
Ата-ана демекші, біз оқу бітірген соң Алматыда қызметке қалдық, қыздарымыз осында дүниеге келді. Менің ата-анам, туыстарым Қызылордада тұрды. Сондықтан қыздарымыз нағашы ата-әжелеріне жақын болып өсті. Балаларымыздың қамсыз өсуіне, өзіміздің алаңсыз қызмет етуімізге бұл кісілердің көмегі көп тиді, әлі тиіп келеді. Тілеуқорымыз. Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең демекші, бүгінгі тойда үлкендердің отыруы той сәнін келтіріп тұр, ол кісілердің көретін қызығы көп болсын деп тілейміз.
Екі жасқа айтарым, біз бір баламыз екеу болды деп қуанып отырмыз. Әке жүрегі қимайды, қызғанады, алаңдайды, бірақ жастардың келешегі бақытты болады деген сенім бізді марқайтады. Адам ұрпағымен жасайды, ұрпақты болыңдар, айналайын.
Жастардың бақытты болуы ата-аналар бізге де көп байланысты. Татулық болса төбедегі келеді дегендей, бүгінгі тойды қалай қуанып бірге өткізіп отырсақ, қалған өмірде де қуанышымыз осындай ортақ бола берсін. Арамызда тек сыйластық, құрмет жүрсін. Жастарға үлгі деген осы.
Тойға келіп отырған ағайын-туыстарға, дос-жаранға, әріптестерге қуанышымызды бөліскендері үшін алғысымыз шексіз. Көптің тілегі көл деген, тілектеріңіз қабыл болсын, ағайын.



Ұқсас жұмыстар

Ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлер
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы
Адамшылық амандасудан басталады
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ
Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері
Үш жұрт
Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің ерекшеліктері
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Шәкәрім Қудайбердіұлы (1858 - 1931).
ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА
Сыйымызға риза бол, Мұғалімдер қауымы
Құдайдың бұйрығынан
Тана (Тана мырза) Тілемісұлы (1803 - 68) - Құнанбайдың замандасы, құдасы