Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп
Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты.
— Кел, қарағым.
Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында сәл бөгеліп қалдым.
Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», — деді.
Іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты әрі еркелеткен дауысы естілді:
— Мамытб-е-ек!
Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге кірдім.
Кездесу
— Ассалаумағаликум, аға!
— Уағалайкумсалам. Баукең созған қолымды күлімсірей алып: «Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан дайын болғанша босқа күтіп қаламыз», — деді.
Мен үйреншікті орныма тез жайғастым.
Денсаулық жайы
— Денсаулығыңыз қалай, аға?
— Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, бірақ төзбеске амал жоқ.
Тіпті жеңгей үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, «емдейміз» деп алып кетуі мүмкін.
Ауруханадан әбден мезі болдым, аурухана да менен мезі. Күйгенім ашық тымаудан емес — жабық, жасырын тымаудан.
Шүкір, кеше кештен бері біраз тәуірмін.
Ол креслоның арқалығына сәл шалқая отырып сөйлеп отырды.
Мәскеудегі дәрігердің сөзі
Профессор Ивановскийдің қорытындысы
Бірер жыл бұрын Мәскеудің қалалық дәрігері, профессор Ивановскийге барып көріндім.
— Сырқаттанып жүргеніме үш жыл болды, — дегенімде,
— Сіздің ауырғаныңызға үш жыл емес, отыз жыл болған, жолдас полковник. Осы кезге дейін жастық қызулықпен байқамай келгенсіз, — деді.