Шықпай отыр домбырам, Сырылдап мұның қақпағы

Жайық деген жанды су,
Көзі қара қанды су.
Біздің жүрген жеріміз
Күнде базар, күнде су.
Мен сүргіннің сойымын,
Арқалы жерде шапқандай.
Ойпаң жерде сортақ бар,
Жабыдан туған қорқақ бар.
Сөйле! десең, жыршыңыз
Алдарында жортақтар.
Туған айға ат берген.
Ақ қағазға хат берген.
Екі ерін, тіл, таңдай.
Сөйлесін деп жақ берген.
Шықпай отыр домбырам,
Сырылдап мұның қақпағы.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мисыз ақымағы.
Домбырам отыр қағылып,
Он екі перне, екі ішек
Бауырына тағылып,
Қоянға қосқан тазыдай
Бүктетіліп жазылып.
Тыңдасаңыз сөзімді
Осы араға келгенің,
Әдептен құр қалмассың
Үлкенге сәлем бергенің.
Түрлі - түрлі өлең бар,
Айта берсек, өнер бар.
Түсінетін адамға
Ретін айттым терменің.
Ұядағы балапан
Ұшатын күні болғанда,
Қанаты әбден толғанда,
Істейді о да көргенін.
Жолдас болсаң жақсымен,
Дұшпаныңды жеңгенің.
Адамдықтың белгісі -
Біріңе бірің сенгенің.
Құлағынды сал, жігіттер,
Жарлымын деп мұғайма,
Жеті мүшең сау болса,
Құдайдың сол бергені.



Ұқсас жұмыстар

Домбыра аспабы құрылысы
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Құстың туберкулез ауруы
АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі
Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту
Жылқының анатомиялық және физиологиялық құрылысы, жылқының (экстерьері) түр - тұлғасы, сырт пішіні
Бұзау туберкулезі ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Қазақ композиторларының вокалдық шығармаларын осы академиялық мәнерде орындаудың ерекшеліктері
Балалар жұмбақтары мен балалар айтыстары
Қара алтынның қақпағы
Сот отырысы түсінігі
Аудиттің мазмұнына
Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, ата мекенді жаудан тазартудағы ерліктері - ұрпаққа үлгі боларлықтай
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты
Ағаш түбінің босағанын көріп отырған жолаушы жанынан үміт үзіп
Мәтін мазмұнына сай
Бопай ханым Әбілқайырдың жан - жақты мәселелерін шеше отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы
Отырар дүниежүз
Тыңдап отырған әлгі қарт кісі