Бейнетін жеңетін сабыры, Бостан - бос өтпейтін бес күні

Сөзінің салмағы - алтындай,
Ойының салмағы - қартыңдай.
Мінезі - Меккенің төріндей,
Мұң-шері - базардың нарқындай.

Көздері - көгілдір көктемдей,
Сезімі - жұпарын төккендей.
Қос қабақ қабарса маңдайда,
Қара нар қайғыдан шөккендей.

Жүрегі - жап-жасыл жұмақтай,
Жанары - сөнбейтін шырақтай.
Күлгені - күмістің сыңғыры,
Мүсіні- жараған құр аттай.

Жанына тең келмес ешбірі,
Тәні де тәнті еткен естіні.
Бейнетін жеңетін сабыры,
Бостан-бос өтпейтін бес күні.

Сөйлесе аузынан жыр ұшқан,
Мекені - мерейлі гүлстан.
Адамның барлығы - тамырлас,
Адалдың барлығы - туысқан.

Маңайы - мөлдір су, жасыл бақ,
Қолыңа қондырсаң - тосын бақ.
Әйелдей әуелгі перизат,
Адамды көрсеңдер асылзат -
Сол МЕНМІН!



Ұқсас жұмыстар

Шерменде дәуір шежірешісі
Еңсеп. Әңгіме
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі
«Сабыр түбі сары алтын»
С. Бақбергеновтің өзіндік қолтаңбасына, стиль ерекшеліктеріне талдау жасау, баға беру
Бұқар жырау толғаулары
Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
8 қыркүйек бейбітшілік күні
Жеңіс күні туралы
Ғашықтар күні
Басым мамандықтар тізбесі
жеңіс күні
Дамудың ертеңгі күніне бағдарлану
Демалыс күні
Дербес компьютерді пайдалану ережесі