Шын сүйген ғашықтар өмірде, Қосылмай кеткені бәрі аңыз

Сезімнің біле алмай бағасын,
Талайлар жүр оны саудалап.
Дәл саған жоқ менің таласым,
Жүрген көп мені де қаумалап.
Тәкаппар жаралсақ сен де мен,
Жөн дер ем, кеткенді иілмей.
Алайда дос сезім кемде-кем,
Сыр айтып шешілген түйіндей.
Достықтан туған бұл махаббат,
Биікте қалса екен деп едім.
Өлеңім бейне бір аппарат,
Естелік қыларсың керегін.
Ақылды ару қыз сен едің,
Оны да біледі көп пенде.
Мен сені айға да теңедім,
Жүректен жырымды төккенде.
Шын сүйген ғашықтар өмірде,
Қосылмай кеткені бәрі аңыз.
Алшақтау болғаны өңірде,
Дұрыс па деп жүрдім арамыз.
Сенбедім мен бұлай ертеңге,
Себебі ойымда мол күдік.
Сен жайлы соңғы жыр-серт елге,
Соңғы жыр - таусылған соңғы үміт.



Ұқсас жұмыстар

Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Көп дауысты хорларға, ірі формадағы (кантата, ораториядан білімдер опералық) жанрлық кесек ірі музыкалық көркемділігі бай күрделі шығармаларға түсініктеме
Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Әдебиет - адам факторының бейнелеушісі
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
І. Есенберлиннің шығармасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау
Қыз Жібек
Концептінің лингвистикадағы мағынасы
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
Қылмыс қүрамының түсінігі және маңызы
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
Шағын кәсіпорынның маңызы және міндеттері
Кәсіпкерлік істің мәні және маңызы
Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы