Ойла, ойла, ойға тойма, Ойла, толған жас көңіл

Ойла, ойла, ойға тойма,
Ойла, толған жас көңіл.
Жырла, ойла, ойла, жырла,
Жырмен жұбан, жан көңіл.
Ойла, жырла, жырла рахат,
Жырла, ойла, ойла бақ.
Оймен жыр тап, жырмен түр тап,
Жырла - дағы ойға қайт!
Жатсаң ойда, тұрсаң жырда,
Жанға жүрек емі бар,
Жаннан безген жырдан басқа,
Жас жүректің кімі бар?!
Ой - көңілдің еркетайы,
Жыр - жүректің бұлбұлы,
Ой - өмірдің күні, айы,
Жыр мен көктің жыр гүлі.
Жардан жеріп, бақтан безген,
Сен бейшара, жалғыз ғой,
Ойды - қырды қоймай кезген
Жарың, бағың болсын ой.
Жүйрік көңілім, ой ойлашы,
Өзге заттан безейін.
Ойдан қуат, жырдан қанат,
Жиып дүние кезейін.
Тағы... тағы ойлашы ой,
Мен де ойлайын, ерейін,
Жансыз, жарсыз мен сорлы ғой,
Жырлайын да өлейін.



Ұқсас жұмыстар

Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикалық өрнегі
Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері
Ойын феномен ретінде.ойынның психологиялық негіздері
Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзін оқып шығып, талдау жасау
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар
Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
Инновациялық оқыту туралы
Балаларды ойын арқылы танымдық әрекетін дамыту
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру
Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құрылымдаудағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет
Жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы мен перспективасы
Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешені және машина жасау өнеркәсібі
Жасушаның химиялық құрыдысы туралы