Сенің ернің - пейіштегі гүл сынды, Демің сенің - сездіреді тылсымды
Сенің ернің – пейіштегі гүл сынды,
Демің сенің – сездіреді тылсымды…
Көзің сенің – Ай жұтылған түн сынды,
Сезім неге мөлдіреген мұң сынды?..
Қара шашың – Қара теңіз толқыны,
Қарашығың – мен адасар жол түбі…
Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!
Саусақтарың – жапырағы қайыңның,
Қауырсынның сәулелермен ойыны…
Жанарыңда жасырулы мың жұмбақ,
Көзқараста періштенің пайымы…
Қасың сенің – иілген адырнадай,
Сабырың ше? Құламас қабырғадай!
Кірпіктерің өрнек салар құбылған,
Әр өрнекте тығылған Тәңір бардай!
Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!
Бар өмірің мен үшін – жарық шашқан,
Төбемдегі жайқалған алып Аспан!
Бітсе менің өмірім жер бетінде,
Құстай болып көрінер жаным ұшқан.
Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,
Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.
Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,
Саған деген өртенген сағыныштан!
Бейвербалды амалдардың теориялық негізі
Тимур және оның командасы
Марат отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Гендерлік бейвербалды қатысымның мәдени-әлеуметтік сипаты
Қарғын. Дулат Исабеков
Г.Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Туған жерімнің табиғатын таныстыру
Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН
ӨТЕҒҰЛҰЛЫ ӨТЕГЕН туралы
ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ ҚАБАНБАЙ
МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ БЕКЕТ
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
МАРҒҰЛАН ӘЛКЕЙ ХАҚАНҰЛЫ
Әлия Молдағұлова туралы
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағұлмат
Әлия Молдағұлова жайлы
Өтеген батыр Өтеғұлұлы