Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың...



Ұқсас жұмыстар

Ана - сарқылмайтын күш
Көш атты өлеңінде
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Кәкімбек Салықов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені
Әлима Қабылқызы
Атамекен
Отбасы – көркем әдебиетте
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы
Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Қаламгерлік көсемсөзі
ЖАСЫЛ АРАЖЕГІШ
О. Жандосов -қайраткер, қаламгер
МЕКТЕПТЕН ТЫС ДЕНЕ ТӘРБИЕСІМЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫ
Айналайын балам
Елбасынан үлгі алам
Барымыз да, нарымыз да, ең құнды асылымыз бала - шағамыз
Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы