Аспантаудан асып көктің дерегі, Аспан жаққа қашып кеткім келеді

Аспантаудан асып көктің дерегі,
Аспан жаққа қашып кеткім келеді.
Айғайтастан дауыс салсам жаңғыртып,
Мақпал түндер көкке жеттің демеді.

Қайнар жақтан қайнар іздеп шөл басар,
Жұбанышым бола алмаса ол да аса,
Көктемді іздеп кетер ме еді жылыстап,
Қыран шыңдар қанаттарын қомдаса.

Биікке олар ұмтылса егер дәл мендей,
Жете алмайтын, төзе алмайтын дәрмен кей,
Шайтанкөлдің құдіретін аңсармын,
Сайқал мұңның суретімен әрленбей.

Әлем тұрса, жаным тұрса асқақ қыз,
Біраз жолды бірге жүріп тастаппыз.
Көңіл сенің көйлегіңді жұлмалап,
Өмір сенің өлеңіңе тастапты із.

Сол өлеңді мәңгі дос деп сайлап тек,
Сол ізбенен жүрегіңді айға ап кеп,
Маған жазған хаттарыңды, мақпал түн,
Аспантаудың мұздығына байлап кет.

Сол мұздықта жаным қалсын жаурап бір,
Ақ қарына ақ көңілім аунап құр,
Шайтанкөлге сіңіп кеткен жастарым,
Мұзға айналып, Аспантаудан баурап тұр.

Өзім тұрмын мұз-сүңгілер пішінде,
Сол биіктен сен де жаным кішірме.
Сен жыларсың, сол мұздықтар ерісе,
Жылап келіп, жылап кету үшін де...



Ұқсас жұмыстар

Мұндайлар бізде де болады
ОҒЫЗНАМЕ ДАСТАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ
Бағзыдан жеткен баба жыр
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
Қорқыт пен өлім
Жұматай Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың текті қыраны
Көк сөзінің семантикалық қызметі
Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал
Дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы
Аспанмен тілдескен тау
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі туралы
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі
Көлік тоқтасымен екеуіміз қашып кетеміз деп келістік
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Аялаған адал жанды, Аспандаған асқақ әні
Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Екеуі бір жерге қоныстаныпты
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10 - нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті
Профессор аудиторияға қолында бір ыдысқа салынған тышқан әкеледі де бетін жауып үстелінің үстіне қояды