Ұйықтар алдында мені ойлап жатқан боларсың, Көз моншақтарың шашылып ала көрпеңе

Кең қиялына сыймадым қылықты қыздың,
Сенбей арыма санаңа күдік кіргіздің.
Жүрегімдегі сонан соң сөнгенін сездім,
Іріткі күздің кешінде үміт жұлдыздың.

Жайдары шуақ өң берген шіркін,өмірге
Көмескіленді жадымда күлкілерің де.
Езілгенімді қалаған кейіп таныттың,
Сезімдеріңді шынайы іркігенің бе?!

Терең сыр жатыр көңілдің әжімдерінде,
Жоғалар бір күн есімнен наз үндерің де.
Шын сүйсе қайтып қайырылар деген ойменен,
Сынай жігітке жоқ әлде әзілдедің бе?!

Шаттықтарымнан басымдау неліктен мұңым,
Көкжиегімді батты ма кеңіткен, Күнім.
Ұнатып сырлы мөп-мөлдір жыр төгілткенім,
Жезкиік ару, емес ол желіккендігім.

Жарасқанымен барлығы саналы еркеге,
Келін болу да ғанибет адал өлкеге .
Ұйықтар алдында мені ойлап жатқан боларсың,
Көз моншақтарың шашылып ала көрпеңе.

Жеткізбей қойды, қол бұлғап белес көрінген,
Сені ойламау қасірет емес пе мүлдем?!
Әр түкпіріне санамның орын теуіпсің
Құтыла алмай-ақ қор болдым елестеріңнен.

Шемен боп қатқан кеудеңді жылыта алмадым,
Тас-талқан болып үгілді-ау үміт, арманым.
Сырт айналмасқа өзіңнен шарам жоқ енді,
Танакөзім-ау, дауасы ұмытам бәрін...



Ұқсас жұмыстар

Өлеңдер жинағы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романының тілінің стилдік ерекшелігі
Ұйқы және түс көру
Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн
Ер Жәнібек
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Хамза Ықсанұлы Есенжанов
Шалкиіздің Би Темірге арналған жырлары
Адамтану баспалдақтары
ДОМАЛАҚ АНА
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Баланың мектепке келу мәселесі
Қожа Ахмет Яссауи туралы
Жаңа заман талабы
Сақ тайпалары