Жасаған құлын Айды мертіктірме, Келеді аспан төсі бөртіп түнде
Жасаған құлын Айды мертіктірме,
Келеді аспан төсі бөртіп түнде.
Есіме түсті қарғам,
Шақта осынау,
Жүр екен менсіз сырын шертіп кімге?!
Жұлдызы бөртіп төске ұрған аспан,
Құс жолы соқпақ па еді қырға қашқан.
Көмкерген кереметті Көк күмбезі,
Өзіңдей ғашық едім жырға бастан.
Басылмай көңілімнің елеңдесі,
Көшеді көкірегімде өлең көші.
Көліктің көшедегі жарығымен,
Ағаштың бөлмеме енді көлеңкесі.
Отырмын сан ойларға беріліп мен,
Өмірім өтіп жатыр серілікпен.
Еседі пенде-ғұмыр шаттық іздеп,
Бір бақыт қайдасың деп мені күткен.
Бастаған аяқ-қолы жансыздана,
Тіріліп, серпіледі қамсыз қала.
Төңірек боялды әне бозаң нұрға,
Оянды тіршілік те таң сыздана.
Бұл да бір табиғаттың сазы-дағы,
Жарасқан жаз қылықтың назына әні.
Түндегі бөрткен дене асқынбастан,
Ақ күннің шуағымен жазылады.
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
Ауа-райы: болжам мен болмыс
Қазақша ырымдар
Төрт түлік пірлерінің пайда болуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХVIII-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ
Жылқыларды өсіру негіздері
Қазақ халқының ырым-тыйымдары
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі
Кенорнында экологиялық жағдайды жақсарту
Дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы
Ыдысты есертеу мына қажеттіліктерден туындайды
Айдың және планеталардың серіктерінің қозғалысы
Күннің және Айдың тұтылуы
Аспанмен тілдескен тау
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі туралы
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі
Хлоропласт және оның фотосинтез процесіндегі рөлі
Фотосинтездің жарық сатысы