Жаным, жаным, Гүләндамым, Келші жақын, қарайын

Жаным, жаным,
Гүләндамым,
Келші жақын, қарайын!
От жүректе,
Қалсын көпке,
Суретіңді салайын.
Қиғаш қасты,
Қолаң шашты,
Қия алмайтын мен ақын.
Жүрек ізгі,
Жібек сөзді,
Жанымнан да жар жақын.
Нұрлы ажарың,
Қызу қаның,
Қалай сәйкес жаралған.
Терең теңіз,
Дес қара көз,
Бар ма көрген жараннан.
Құлқың гүл, сыр,
Көңілің сиқыр,
Өлген жан да тірілер.
Күлме - күлме,
Күлсең тіріде,
Жүрек жүзге тілінер.
Қара көзің,
Етіп төзім,
Қарағанды қандырар.
Бірде атып,
Бірте тартып,
Жанды есінен тандырар.
Ақ төсіңді,
Қар етіңді,
Жаным жатқа көрсетпе.
Бақ алманың,
Дәмін, мәнін,
Білу қайда есекке.
Надан жұртта,
Жауыз жоқ па,
Сүйек жарған сөз тиер.
Келші жаным,
Дуалайын,
Тұмарлайын көз тиер.
Жаным, жаным,
Гүләндамым,
Періштем бол, кел бері!
Жүрегімнің,
Басып шерін,
Қарашығым сүй мені.
Келші бері,
Сүйші мені,
Суырылсын көмейім.
От құшақта,
Сүй, құшақта,
Есім ауып өлейін.



Ұқсас жұмыстар

Өлеңдер жинағы
Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні
Көркемдік тәжірибе және ақындық шеберлік
Қарагөз трагедиясы. Махаббат мұңы
Көркем әдебиет стилінде көп мағыналы сөздердің қолданылуы
Шәкәрімнің музыкалық эстетикасы мен әндері
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
Мағжан - сыршыл ақын
Дыбыс үндестігі (ассимиляция)
Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҚЫН ЕЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Менің қымбат жаным!
Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар
Ұлбосынға жақындап
 Менің ең жақын досым анам
Менің жүрегімнің бір бөлшегі, күніне алты сағат бойы жанымыздан табылар қамқоршымыз
Қолымыздан келетіні, жанымызда жүрген жандарға барынша қамқорлығымызды аямау
Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін дейді дана халқымыз
Қосқа жақындағанда, лақ шығып
Дүниеде анадан жақын кім бар балаға