Дүниені қудым екіленіп, Ұстамаққа кезеніп

Дүниені қудым екіленіп,
Ұстамаққа кезеніп.
Дүние қырын салмады,
Ешбір маған еміреніп.
Құлпырған қара құндыз деп,
Тұңғиықты тереңге -
Талай құлаш сермедік!
Жалғаншыға келген соң,
Әр тарапқа толқытты,
Көңіл мұрдер желденіп.
Дүние қызық көрінді
Алтайыдай алдымда,
Соқпаққа көрдім серменіп!..
Кейбір күндер ыңыранып,
Қайрат сыймай қанаға,
Нар бурадай көлбедік.
Опасы жоқ бұл дуние,
Түспеді қолға, қуғанмен,
Неше алуан түрленіп.
Өткіздік өмір қапылатпен
Атаңа нәлет дүниенің
Алдағанын шын көріп.
Ақ шариғат ойламай,
Дүниенің әлегі
Қалды көңіл кірленіп.
Талма - талтүс болғанда,
Талықсығанға ұқсаймыз,
Дүние - киік, адам - ит,
Қуа - қуа ізденіп.
Жас толығып, күш қайтып,
Жеткізбес біліп дүниені,
Енді тұрмын бірленіп...
Азаттыққа - қару жоқ,
Қарусыз - жауға бару жоқ,
Осы күні біз тұрмыз,
Саңылау таппай көзденіп.
Бізден бұрын өтіпті,
Екі етегін түрініп,
Иманым тілеп жүгірген,
Хақ дегенде еңіреніп.
Ғайып ирен қырық шілтен
Шылауында екен олардың,
Жұмыла әулие күңіреніп.
Бұл күндегі пенденің,
Ниеті жолдас өзіне,
Оны әулиеден көрмелік.
Шын тілесе, әулие
Демес еді: бермелік .
Бұрынғы өткен ерлердің
Еске түссе істері,
Іш толады шерленіп.
Көңілім жошып сайраса,
Көкірек қабы тарылып,
Ретімен шығарған
Сөз сыймайды керленіп.
Тасқа тисе таңдағым,
Қараңғыда жарық еткен,
Мен бір шапқан наз бедеу,
Сулығын шайнап өрленіп!



Ұқсас жұмыстар

ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.
Көсемшенің тұлғалары
Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау
Базар жырау
Даналық
Қара өлеңнің зерттелуі
Абылай хан драмасының тарихи - фольклорлық негіздері
Жазғызбадың есті өлең
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Радио, хабар, радиохабар туралы
Темір таяқты қолыма ұстап, дүниені шарлап кетейін
Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
Бір көк кептер ұяға екі балапан салыпты, бұл екі балапан қанат, құйрығы жетіліп, ұшар мезгілі келгенде, біреуі - біреуіне айтыпты: - Әй, шырақ, енді біздің қанат, құйрығымыз жетілді, ұшып дүниені кезіп, сауық қылып келелік, - дейді
Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді: - Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап
Дүниені дүр сілкінткен тарихта аты алтын әріппен жазылған ғалым
Адам ғапыл дүниені дер менікі, Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі
Сүйкімділік - дүниенің сұлулығыАдам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез - құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым - қатынасының тағы да басқа жиынтығы ретінде қоғамда қалыптасады
Дүниенің мәғмурлығы бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе
Уақыт өткен сайын қай салада болмасын дүниенің бір жаңалығы орын алып жатады
Мұқағали МақатаевЕй, өмірДүниенің ағын да, қарасын да, Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да