Жалт қарашы

Бүгін сенің жанарыңа үңілдім,
Онда неге періштенің мұңы жүр?
Сүймей-ақ қой!
Бірақ маған өмірдің,
Жылуы мен сұлулығын ұғындыр!

Жарық шашқан жаның нұр да, тәнің гүл,
Сайтансың ба, перісің бе, бәрібір!
Сенің барлық болмысыңнан, құбылып,
Маған бүгін күліп тұрды Тәңірім!

Сескенбеймін күдіктер мен үміттен,
Жол бермеймін көндіру мен үгітке.
Сыйың болсын мен сияқты жігітке,
Ішіме еніп, жүрегімді көріп кел!

Сонда мүмкін жанарыңнан жаралы,
Бір бақыттың көрінеді аралы...
Жалт қарашы!
Өліп жатқан ішімнен,
Мен өмірге қайта келем оралып!



Ұқсас жұмыстар

ОДАҒАЙ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш
Өлең ойындар
Тоқтар Әубәкіров
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ (1928)
Тимур және оның командасы
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Ұлттық тәрбие тағылымы
Хамза Ықсанұлы Есенжанов
Жалтыркөл қорықшасы
Самат Айжамалға жалт қарап
Бауыржанға қарашы
Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды
Шекарашы сөзінің түбірін тап
Аңшы таңданып, жалт қарайды мен жаққа
Фариза Оңғарсынова өлеңіЖанарлардың жалтынан ұғысатын, қол ұстасып өтуге тырысатын
Айгүл қуыршақ біздің балалар жасаған доптарын қарашы
Терезеге қарашы
Сен байсың ғой байлығыңа қарашы