Даусым тапқа шам - шырақ

Беріктік қаула жүректе!
Тап жолынан таймайтын.
Жалында күш білекте,
Майданда барлық талмайтын.
Даусым дауыл, сөзім от,
Шыжылда жаулар қансырап
Капиталға ажал оқ.
Даусым тапқа шам-шырақ.
Құйыл жыр, теңіз - телегей!
Үде шабам,— шабысым!
Бар майданды жебелей,
Тілімнің уы шашылып,
Тап дұспаны улансын!
Майданға қару асынып,
Шығам, жаулар туласын
Сытырла, қалам, жорғала!
Орында ойдың қорғала,
Тұлпарым, сенсің жүйрігім,
Түсейін топқа тайсалмай,
Даңқсыз талап болса да,
Қарыштап жазам денемді,
Толмаса да, толса да.
Ағында, екпін, ағында,
Бұрқырат шаңын даланың,
Дауысым таптық жаңылма!
Қайнатам қару, қолда алмас,
Майданға кірдім тап үшін,
Сайра, жағым, тіл талмас,
Саңқылда, жас дабысым.



Ұқсас жұмыстар

Наурыз – қазақша жыл басы
Жерлеу салт өлеңдері
Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі
Халық айтса -анық айтады
Компанияда қолданылатын техникалық жабдықтар
Жан Жак Руссоның саяси – құқықтық ілімі
«Көлікті жарықтандыру мен дабылдау жабдықтары»
Гәкку
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп..
Булану бөлмелері
АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОРТАША ШАМАЛАР
Шамшадин мен Клараның, Мерей тойына арнау
Жұмыспен қамтылған халық санын жай арифметикалық орташа шама әдісімен талдау
Шәмші Қалдаяқов
Шамалар және оларды өлшеу
Шәмші аға - қазақ өнеріндегі ұлы тұлға
Шәмшіге айт
Шоқпар Жауғаштыұлы, Шоқпар батыр (шамамен 1691 - өлген жылы белгісіз) - батыр
Қожаберген Толыбайұлы шамамен 1663 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Гүлтөбе Маманай өңірінде дүниеге келіп, 1763 жылы қайтыс болған жырау, батыр
Кешкі сағат сегіздер шамасы