Өзегіме от құйып өлең - жырым, Қайыр сұрап қоғамнан қаңғып қалған, Айырмам жоқ менің де сенен бүгін
Өзегіме от құйып өлең-жырым,
Қайыр сұрап қоғамнан қаңғып қалған,
Айырмам жоқ менің де сенен бүгін.
Қос қапталдан қапсырып қинайды үр күн,
Өмір жайлы толғаған өлең түгіл,
Қара басым қоғамға сыймай жүрмін.
Біз жазамыз өмірдің шын жарғысын,
Өзің жайлы және де өзім жайлы,
Өлең оқып берейін, тыңдармысың.
Аяғымнан жүретін шалып қалып,
Жартыбасқа жетпейтін өлеңімді,
Қаңғыбасқа оқиын шабыттанып.
Жарамыздың табылар бір күн емі,
Ақын болған шығарсың сен де мендей,
Әкім болған шығарсың, кім біледі?!
Теріп жейтін күнделік күлден асын,
Жертөлесін мекендеп жатқан үйдің,
Өзің құйған шығарсың іргетасын.
Өмір деген осы ғой сан қамшылар,
Жуындысын құятын итаяққа,
Жеңгей сенің сүйіктің болған шығар.
Қақпан қауып, шалынып тұзақтарға,
Мүйізденіп күс басқан қолдарыңмен,
Мөр бастың ба кезінде құжаттарға.
Тағдыр тұсау салды ма аяғыңа,
Теріп жейтін бүгінде түйір нанды,
Теуіп жеген шығарсың баяғыда.
Бұрымдыны бұлдайтын бала ғашық,
Қағыс тиіп қарғысы қатындардың,
Қаңғып қалған шығарсың қара басып.
Бойда болса жеңбейді жігер нені?
Әлдиінде тастаған әлде сені,
Сәбилердің көз жасы жібермеді.
Өткен өмір келмейді шақырсаң да,
Қаңғыбас боп бір түнде шыға келіп,
Таңды мас боп сенімен атырсам ба?!
Бізге енді не қалды көрмегендей,
Менің күнім белгісіз не болары,
Ақын болған шығарсың сен де мендей.
Айдалада анасын сағынады ұл.
...Тағы да бір жарты алып келші, досым,
Өлең оқып берейін тағы да бір.
Балалар әдебиетінің атасы
Өлең сөздің патшасы
Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Қазақ тілім, өркенде!
Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Басқару процесiнiң мазмұны
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде