Үйленді көкем
Сарман бойлары сары сабан,
Сабандай сарғайды санам.
Сіздер жақтан бір құс келсе,
Мен мұңайып қарап қалам . -
Рахиля қыз Қазаннан келген,
Айтады бір ән азаннан бермен.
Азаннан бермен қараша аспаны
Қабақ ашпады сазарған өңмен.
Жол қамын ойлап жан ағам өлек,
Сұраймын: Тағы қалаға ма? - деп
Рахиля қыз... созады әнін,
Сары адыр жатыр сары ала кенеп.
Сырдария жаққа сыр айта келді,
Толқындар да оны мұңайта берді.
Рахиля қыз кетіп қалды ақыр,
Сарман бойларын кім айтады енді?.
Бір ауыр ұлы басқандай белді,
Жәудір жанардан жас тамбайды енді.
Жел алып қашқан ақ орамалы
Аспандай берді, аспандай берді.
Қарайды күліп табалап аспан,
Баламын оннан жаңа ғана асқан...
Heгe үйленбеді ағам деп қоям,
Несін алған-ей қалаға қашқан.
Өксіктей болып кептеліп бір мұң,
Өзімнен өзім кектеніп, күлдім.
Үйленді көкем...
Жеңгемді сол күн,
Рахиляны ойлап, жек көріп тұрдым.
Құбақандана құбылып бар маң,
Күз келіп тағы тұр ұлып таңнан.
Рахиляның орамалындай
Ақша бұлт шыңға ілініп қалған...
Сол қызды көзге келтірді бау-бақ,
Күлмейді толқын еркін бір аунап.
Өкінішті әнге салады көкем,
Өксігім тежеп мен тұрмын аулақ:
Сарман бойлары сары сабан,
Сабандай сарғайды санам.
Сіздер жақтан бір құс келсе,
Мен мұңайып қарап қалам .
«Бірлік» совхозының директоры болған Сәбит Тілеубердиев әңгімелер
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпарат
Отбасы – көркем әдебиетте
Эдип
Тіл нормалары
Барак Обаманың жастық шағы
XVI-XVIII ғ. ғ. басындағы қазақ хандығы
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Пэннинг тұзағы
Көкем келеді, Керім көкем
Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871 - 1923 ж. ), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры
Көкемнің ақылы
Көп сөйледі демеңдер, Көкем менің кемеңгер
Дейтін көкем