Қайғы - зардың бәрін таста, Қалғанына той енді
Жас жүрегім, жанба текке,
Бола берме арманда.
Өрлессең де жерден көкке,
Жай табу жоқ жалғанда.
Арманың көп, біту қайда,
Айта берсең күні - түн.
Тек мен білем, аһ, не пайда,
Менен басқа тыңдар кім.
Жалбарасың, зарланасың,
Есіл өмірің солады.
Жас майысқан ерке көңлің,
Лаулап отқа толады.
От жұтасын, ойланасың,
Тіпті көңілің тынбайды,
Сонда - дағы тағдыр басым,
Құрттай аяу қылмайды.
Жанба текке , солма босқа,
Жас жүрегім, қой енді.
Қайғы - зардың бәрін таста,
Қалғанына той енді...
Тұр қайыспай, оған қарсы,
Көкілегіңді аш, керіл!
Айт шыныңды, қарсы бар,
Бір көрмесе бір көрер.
Қайырымы жоқ, қатты тағдыр,
Сонда сені көрмесе,
Ширатылған шын сөзіңе,
Шын екен деп сенбесе:
Жауыз, жалған, алдамшы, опқыр,
Кім кірмеген кермеңе.
Мен де соның бірі боппын,
Қош!.. де, қолды серме де.
Мәжит Айтбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) өмірбаяны
Шортанбай Қанайұлы
Шортанбай Қанайұлы туралы
Мұзафар Әлімбаевтің халық ауыз әдебиетін аудару тәжірибесі мен сапасы
М.Мақатаев поэмаларының идеялық- көркемдік ерекшелігі
Өзбек хан зекіп
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм
Бата сөзінің зерттелуі
Зар Заман Ақындары туралы ақпарат
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ САРА
НҰРҒИСА ТІЛЕНДІҰЛЫ
Литосфера ж/е топырақ жамылғысының техногенді ластануының негіздері.
Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Азаматтардың денсаулығына келтірілген экогендік зиянның ұғымы және оның қалыптасуы механизмі
Ұзақ мерзімді несиелендіру
Шамшадин мен Клараның, Мерей тойына арнау