Барлығының мақтана айтып жүргендері - жазғы демалыс

Мектеп ауласындағы кездесу

Жақында мектеп ауласында достарыммен кездестім. Бәрі өсіп кетіпті. Тіпті кейбірі адам танымастай өзгерген. Үш-ақ айдың ішінде адамның осылай өзгеретіні қызық әрі таңғаларлық.

Жазғы демалыс туралы әңгіме

Бәрінің мақтана айтқаны — жазғы демалыс. Бірі Астанаға барғанын, бірі Бурабайда болғанын, ал кейбірі тіпті шетелге барып келгенін мәз болып әңгімеледі. Мен де қалыспадым: менің жазғы демалысым өзімнің сүйікті қаламда өтті.

Күндізгі қызықтар

Күндіз мектептің сауықтыру алаңында асыр салып ойнадық, түрлі үйірмелерге қатыстық. Қызықты ертегі кітаптарын оқып, шағын қойылымдар қойдық.

  • Сауықтыру алаңындағы ойындар
  • Үйірмелерге қатысу
  • Ертегі оқу және қойылым қою

Кешкі еңбек пен отбасылық жылылық

Кешке атаммен бірге бау-бақшаға көмектесіп, еңбек еттім. Жексенбі күндері «Балапан» телеарнасындағы қызықты хабарларды тамашаладым. Ал жатар алдында әжемнің ертегілерін тыңдап, түрлі қиялға берілетінмін.

Қорытынды

Жаз бойы жинаған күш-қуат, білім мен ақыл алдағы оқу жылына азық болады деп ойлаймын. Өзімнің сүйікті қаламда жақсы демалып, уақытымды жаңа нәрсе үйренумен өткізгеніме қуаныштымын.

Автор

Батырбек Нұрмұхамбет Еркебұланұлы

Мекенжай

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №27 орта мектебі, 3 «А» сыныбы

Дереккөз: http://goo.gl/k4VmEq