Дескриптор Білім алушы
Құрметті мұғалім!
Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік көмек құралы ретінде әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге байланысты сындарлы кері байланыс беруге арналған үлгі ретінде ұсынылады.
Жинақ ұсынымдық сипатта берілген. Бұл сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Кімдерге арналған
- Негізгі мектеп мұғалімдері
- Әдіскерлер
- Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілері
- Басқа да мүдделі тұлғалар
Ескерту
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.
Маңызды: жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан
Бөлім: Визуалды өнер
2-тоқсан
Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер
3-тоқсан
Бөлім: Дизайн және технология
4-тоқсан
Бөлім: Тамақтану мәдениеті және үй мәдениеті
1-тоқсан — Визуалды өнер
Бұл бөлімде әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер туындыларын салыстыру, классикалық өнер үлгілерін зерттеу, Қазақстан суретшілерінің шығармашылығын талдау, натюрморт пен пейзаж, сондай-ақ мүсін жасау бойынша тапсырмалар берілген.
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдар
Оқу мақсаты: 5.1.2.1Бағалау критерийлері
- Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер түрлерін саралайды.
- Берілген туындылардың ерекшеліктерін салыстырады.
Тапсырма
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнердің ерекшеліктерін анықтаңыз. Берілген туындыларды қарап, салыстырыңыз.
Мысал: В.М. Васнецов — «Три богатыря»; Ә.Қастеев — «Шөп шабуда».
- Қандай өнер түрлеріне жатады?
- Тақырыбы қандай?
- Орындалу техникасын анықтаңыз.
- Түстік гаммасын анықтаңыз.
Дескрипторлар
- Өнер түрлерін топта талқылайды.
- Туындыларды салыстырады.
- Орындалу техникасын анықтайды.
- Түстік гаммасын анықтайды.
Классикалық өнердің үздік туындылары
Оқу мақсаты: 5.1.3.1Бағалау критерийлері
- АКТ-ны қолдана отырып, үздік классикалық туындыларды анықтайды.
- Туындыларды сипаттайды.
Тапсырма
АКТ-ны қолдана отырып, классикалық өнердің үздік туындыларын анықтап, презентация жасаңыз.
Мысал: Э. Фальконе — «Медный всадник».
- Бұл туынды қандай өнер түріне жатады?
- Қай жылы жасалды (жарық көрді)?
- Кімге арнап орнатылған?
Дескрипторлар
- Интернетті қолдана отырып, үздік туындыларды анықтайды.
- Жұпта бірлесе жұмыс істейді.
- Презентацияны безендіруде жаңашылдық танытады.
Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Оқу мақсаты: 5.3.2.1Бағалау критерийі
Пәндік терминологияны қолдана отырып, Қазақстан суретшілерінің шығармаларын талқылайды.
Тапсырма
Ә. Қастеевтің (немесе Қ. Тельжанов, С. Романов) шығармасындағы идеяны сипаттаңыз. Сипаттау барысында қандай терминдерді қолданатыныңызды жазыңыз.
Мысал: «Амангелді сарбаздары», 1970 жыл.
Дескрипторлар
- Жазбасында пәндік терминологияны қолданады.
- Альбомда (скетчбукте) жазба жұмыстарын жүргізеді.
- Суретші шығармаларын зерттейді.
- Идеялар мен тақырыптарды сипаттайды.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Оқу мақсаты: 5.3.3.1Бағалау критерийі
Өнер түріне байланысты қолданылған әдіс-тәсілдерді (орындау техникасын) сипаттайды.
Тапсырма
Қазақстандық суретші (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттаңыз.
Мысал: Г. Исмаилова — «Қазақша вальс».
- Туынды қандай техникада орындалған?
- Қандай әдіс қолданылған?
Дескрипторлар
- Жұпта суретші шығармасын талқылайды.
- Қолданылған әдіс-тәсілдерді жазады.
- Орындалу техникасын көрсетеді.
Натюрморт өнері — ұлттық сәндік натюрморт (нобай)
Оқу мақсаты: 5.1.5.2Бағалау критерийі
Өз шығармашылық идеясын іске асыру үшін нобай орындайды.
Тапсырма
Әртүрлі бұйымдардан құралған натюрмортты бейнелеу үшін A4 пішімінде нобай салыңыз.
Дескрипторлар
- Натюрмортты ойластырады.
- Композицияны A4 пішімінде орналастырады.
- Нобайда шығармашылық идеяны іске асырады.
Пейзаж — табиғатпен үйлесім (әуе перспективасы)
Оқу мақсаты: 5.1.1.1Бағалау критерийлері
- Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасын зерделейді.
- Визуалды өнер элементтерін анықтайды.
Тапсырма
Берілген суреттерден қандай ассоциативті мағына көресіз? Визуалды сипаттамасын анықтап, жазыңыз:
Дескрипторлар
- Ассоциативті мағынаны зерделейді.
- Композицияны, түсті, пішінді, фактураны және тепе-теңдікті анықтайды.
Индустриалды (қала) пейзаж — сызықтық перспектива
Оқу мақсаты: 5.2.1.1Бағалау критерийлері
- Қоршаған ортаның визуалды элементтерін және өнердің көркем тәсілдерін қолданады.
- Қала пейзажында көркем тәсілдерді ұтымды пайдаланады.
Тапсырма
Қала пейзажын бейнелеңіз. Визуалды элементтер мен көркем тәсілдерді көрсетіңіз:
Дескрипторлар
- Композицияда сызықтық перспективаны көрсетеді.
- Түспен жұмыс істеу ережелерін қолданады.
- Пішіндерді ұқыпты береді және техниканы таңдайды.
Пластикалық пішіндер өнері — мүсін
Тақырыптар топтамасыПрактикалық тапсырма
«Менің сүйікті жануарым» тақырыбында 2D мүсін жасаңыз. Мүсінде өз идеяңызды көрсетіп, көркем тәсілдерді қолданыңыз.
Таныстырылым және талдау
Жасаған 2D мүсініңізге таныстырылым дайындаңыз. Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдерді түсіндіріп, пәндік терминологияны қолданыңыз.
Сыныптастарыңыздың жұмысын талдап, өз жұмысыңыздың сәтті және жақсартуды қажет ететін тұстарын нақты айтыңыз.
Көрме: дайын жұмыстарды көрсету үшін шағын көрме ұйымдастырыңыз.
2-тоқсан — Сәндік-қолданбалы өнер
Бұл бөлімде қазақ және әлем мәдениетіндегі сәндік-қолданбалы өнердің ерекшеліктері, ұлттық ою-өрнек, көркем кестелеу, бұйымды безендіру, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс жасау қарастырылады.
Сәндік-қолданбалы өнер және ұлттық ою-өрнек
Оқу мақсаты: 5.1.2.1Бағалау критерийлері
- Әлем мәдениетіндегі сәндік-қолданбалы өнерді зерделейді.
- Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін саралайды.
Тапсырма
Қазақтың ұлттық және әлем мәдениетіндегі өнер, қолөнер және дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтаңыз.
- Тақырыптары қандай?
- Орындалу техникасын анықтаңыз.
- Түстік гаммасын анықтаңыз.
Дескрипторлар
- Қазақ ою-өрнектерінің түрлерін анықтайды.
- Стилизация мен мотивтерді әлем мәдениетімен салыстырады.
- Орындалу техникасын анықтайды.
Көркем кестелеу — кесте түрлері
Оқу мақсаты: 5.1.2.1Бағалау критерийлері
- Қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтайды.
- Кесте түрлері мен әдістерін анықтап, талқылайды.
Тапсырма
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі кестенің ерекшеліктерін салыстырыңыз. Кесте түрлері мен кестелеу әдістерін саралаңыз.
Дескрипторлар
- АКТ және интернет арқылы кестелеу әдістерін қарастырады.
- Топта кесте түрлерін анықтайды.
- Ерекшеліктерін талқылайды.
Көркемдік кестемен бұйымды безендіру (әмиян)
Оқу мақсаттары: 5.2.1.1 · 5.2.3.3 · 5.2.6.1Нәтиже
- Үлгі бойынша қарапайым әмиян тігеді.
- Кестеде ұлттық ою-өрнекті қолданады.
- Қауіпсіздік техникасын сақтайды.
Тапсырмалар
Үлгідегі қарапайым нұсқамен әмиян тігіңіз. Бұйымды безендіру үшін көркемдік кестенің түрін таңдаңыз.
Бұйымды ұлттық өрнекпен кестелеңіз. Түстердің үйлесіміне және композицияға мән беріңіз.
Қауіпсіздік: материалдар мен құралдарды (ине, қайшы және т.б.) пайдалану ережелерін сақтай отырып жұмыс істеңіз және орындау барысында қауіпсіздік талаптарын көрсетіңіз.
Дескрипторлар
- Үлгі бойынша әмиян тігеді және композицияны ойластырады.
- Түстерді үйлестіріп, ұлттық ою түрлерін орынды қолданады.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтайды және оның маңызын түсіндіреді.
Өру өнері — өру түрлері, материалдар және құрал-жабдықтар
Оқу мақсаты: 5.1.6.2Бағалау критерийлері
- Заманауи, дәстүрлі емес материалдарды анықтайды.
- Олардың қасиеттері мен міндеттерін сипаттайды.
Тапсырма
Өру өнерін зерделеңіз.
- Өруде қолданылатын заманауи, дәстүрлі емес материалдарды анықтаңыз.
- Материалдардың қасиеттері мен қолдану мақсатын сипаттаңыз.
Дескрипторлар
- Топта өру өнерін қарастырып, талқылайды.
- Заманауи және дәстүрлі емес материалдарды анықтайды.
- Материалдардың қасиеттерін (беріктігі, икемділігі, өңделуі) сипаттайды.