Ұртым: бұлтың - бұлтың, Күлкім: жыртың - жыртың
Ұртым: бұлтың-бұлтың,
Күлкім: жыртың-жыртың.
Тілім: тілім-тілім,
Дінім: ырың-жырың.
Кәсібім: қылтың-сылтың,
Нәпсім: жылтың-жылтың.
Құбылам: базар маңы,
Базарым: қарын қамы.
Ұлым: мең-зең,
Қызым: кердең.
Миым: мәңгүрт,
Ойым: өлген.
Ошағым: ойран,
Отбасым: майдан.
Ақылдан асты
Алпыс екі айлам.
Ақшам: құнсыз,
Бақшам: гүлсіз.
Халық: қажыған,
Билік: мінсіз .
Баспанам: жоқ!
Астанам: тоқ !
Өзегім: өрт,
Жүрегім: шоқ!
Жазғаным: жесір ,
Көргенім: кесір.
Өмірдің мынау
Айтамын несін?!
Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас
Мағжан жұмабаевтың тәрбие туралы көзқарасы
Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударылуы
Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарастары
Қыпшақ Қойлыбай бақсы
Биоорганикалық реакциялардың түрлері және орынбасушылардың электрондық әсерлері
Химиялық байланыс жэне молекуладағы атомдардың өзара әсері
Қанықпаған көмірсутектердің реакцияға түсу қабілеттілігі
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Химиялық байланыс типтері
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай
Жұртымның жұртында қалайын
Фариза Оңғарсынова өлеңіӨзімді таныстыруТүркістан - Ата жұртым, дала - жаным
Ескен Елубаевтың өлеңіҚанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды