Сыңғыр - сыңғыр
Шым шаһары... Көктемнің кеші балғын,
Сол сәттерді оңаша есіме алдым.
Жымиғанда көрініп қос шұғанақ,
Жүрегімнің төріне көшіп алдың.
Сыңғыр-сыңғыр...бал күлкің, даусың қандай,
Көрген жанның тағаты таусылғандай.
Үздіктірер үр дидар, үзбебел қыз,
Талшын мінез, аққу өң, аршын маңдай.
Қылығында жоқ, қалқам жасандылық,
Тұнығыңда тұрады қашан да үміт.
Аласың-ау құрықтап жаныққанда,
Танытқанда жігіттік асау қылық.
...Басын сүйеп денеме бала бейне,
Жан-жүйемді түсірді дара күйге.
Сені көрсе үй болып кетер ме еді?!
Жалғыз өткен ғұлама Фараби де.
Мұң тұнғанын көрмедім қабағыңа,
Көзім тоймай қараймын жамалыңа.
Сыймай жүрген далаға қайран кеудем,
Қалай ғана сыйып тұр жанарыңа?!
Тұрғаныңда көктемдей сәніңе еніп,
Пісіп тұрған уылжып тәнің өрік.
Жанарыңмен жалт етіп қарашы, еркем,
Өз-өзімді қалайын тағы көріп!
Даланың Ұлы қыздары Шолпының сылдыры, шашбаудың сыңғыры
Шолпы
Дене тәрбиесінен берілетін үй тапсырмасы
Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыт әншілік дауыстарының ерекшеліктері
Дулат Бабатайұлының Еспембет дастаны
Балалардың дауыстарын қорғау
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі еліктеуіш сөздердің қолданысы
Марат отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
М. Жұмабаевтың лирикалық өлеңдеріндегі психологиялық қырлары
Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздер
Қыз жігіттің сөзіне сыңғырлай күлді
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырауЖүргізушілер
Ертеңіңе болсын нұрлы бастау жол - Той сәнімен сыңғыр қаққан бүгінін
Сыңғырлайды қоңыраудың қайта - қайта жез үні, Сыр береді мұндай сәтте жас жүректің сезімі
Сыңғырлa, күмiс қoңырaу
Мұқағали МақатаевБұзбай соққын ырғағыңдыСыңғырлаған сиқырлы үн естиін, Бұрап қой босап қалған сымдарыңды