Жұмақ қалды жұпар аңқып, Жайнамаздың басында

Түн.
Қала.
Майқұдықтың көшесі.
Түн тұмары -
өкпе, нала...
Шыдар кімнің еңсесі?
Сағындыртпай келер, бәлкім,
Жел -құмарым,
шерлесім.
Жер-АНА дер,кәне, бар кім,
Кеп жұбатар жерлесін?
Құлқына кім құрбан қылар,
Кеудедегі жүрегін?
Көлеңкесі күн батырар,
Көкіректі түнедім...
Айта берсем қайта айналып,
Мына түнге өкпені,
Қара түнде мұңды жуып,
Ақ жауын да төкпеді!
Қара өлеңге құмар қанып,
Дұға қылдым Қасымға.
Жұмақ қалды жұпар аңқып,
Жайнамаздың басында.
Келем, міне, жалғызсырап...
Майқұдықтың көшесі.
Шамдар өшті, үміт бірақ,
Айқын еді сөнбесі.
Қара барқыт-қара түн бұл,
Ай жамылған көрпесі.
ДАЛА - дүл-дүл!
ҚАЛА - тыныш -
Ақындардың түрмесі!



Ұқсас жұмыстар

Бір көзімен немересін күзетіп, Бір көзімен жұртты аңдиды сұр кемпір
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Намаздың ішкі және сыртқы парыздары
О. НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
Қазақстан Республикасының табиғаты
Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғалдақтар
Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығы
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
XX ғасыр басында алаш зиялыларын
ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру
ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСЫНДА
Даргомыжскийдің вокалдық шығармашылығы
Шуберттің вокалдық лирикасы
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні
Қалдықтар
Абылай Уәлибақыұлы, Қанiшер Абылай - XVII ғасырдың басында Сауран мен Түркiстанды билеген қазақ сұлтаны, батыр