Сұлулыққа айнымас сыңар қонған, Әйелдерді раушан гүлі дерсің
Мейлі, оған еркектердің жыны келсін –
Мен бір теңеу айтайын – ұлы дерсің.
Сұлулыққа айнымас сыңар қонған,
Әйелдерді раушан гүлі дерсің.
Раушан гүл, шіркін-ай, исі қандай?!
Ән шығармай, мүмкін бе, күй шығармай?!
Егер әйел болмаса тамсандырар,
Қалатұғын секілді Күн шыға алмай…
Теңесуге дәрменсіз гүлің талай,
Раушан ол – су, ауа – мұңым қалай?
Егер әйел болмаса Жұлдыздар да,
Қалатұғын секілді жымыңдамай.
Гүл жайында тентек сөз айтылмайды,
Тентек сөзбен уылжып ой тұнбайды.
Егер әйел болмаса түн аруы –
Аспанда да албырап Ай тумайды.
Еткен талай осылай гүліңді арман,
Жақсы дәстүр бабадан бұрын қалған.
Әйел, әйел, сезімді қытықтаған,
Раушан ғой исі мұрын жарған.
Екеуіне ұмтылар таласып нұр,
Бәрі-бәрі тамаша – жарасып тұр.
Исі де ұқсас, алқызыл түсі де ұқсас,
Раушан мен әйелдің бағы асып тұр.
Тағы да бір ұқсастық алабөтен,
Бұл қай тұстан, білмеймін тарады екен?
Гүлі солып біткен соң раушанның,
Тек тікені сыйдиып қалады екен…
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Абзал Бөкеннің лирикасы
Ақан сері
Республикалық әйелдер баспасөзінің тұңғышы - Азат әйел
Балалардың әрекеті
Әбдірахман - Шұғаның сүйген жігіті
Жасанды тілдерде символ таңбамен бірдей, тең ұғым
Алматы облысы бойынша орналасқан туристік обьектілермен танысу
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Бақыттан іздемей ме, сыңарын әркім
Менің гүлім
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем
Раушан сұлулықтың белгісі
Ана бақыт сыйлайын, Өмір гүлі арулар
Қазтамақ гүлінің тарихы
Бала - өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы
Синоним және антоним сөздерінің сыңарын табу
Гүлі жайнап үміттің, Жүр әрдайым жас болып
Бәйшешек гүлін жасау