Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.

Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты Ақ Орда,
Ардақталған аяулың
Күнінде біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.

Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.

Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.

Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа.
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.

Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Tap құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.

Он бірінші тілек тілеңіз,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Даусы Құдай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Қылығымен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.



Ұқсас жұмыстар

Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Көркемсөз өкілдерінің шығармаларындағы имандылық идеясы
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының тәлім тәрбиелік идеялары
Алланың өзі де рас, сөзі де рас...
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Дін жан ақыл ұрпақ пен мал-мүлік сенімділігі
Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері жайлы
Халық әдебиетіндегі діни ұғымдар
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы