Қазақша рефераттар
Iздемедiң
Iздемедiң...
Таппадым... жоқ дерегiң...
Сағыныштың моншағын төкпеледiм.
Саған емес, үн-түнсiз тұрып алған
Телефонға ерiксiз өкпеледiм.
Ерiксiз...
Өзiмдi алдап күн өткiздiм.
Жанарыма тамшыны түнеткiздiм.
Ұмытқансып жүр едiм...
Нелiктен кеп,
Қоңырауын үмiттiң “шың” еткiздiң?..
Дiр еткiздiң жүректi...