Сен өлімге

Шоқтай қызыл еріндерің асыға,
Нарттай қызыл раушан тақтың шашыңа,
Әлемдегі жалғыз Муза сияқты,
Әлемдегі жалғыз Ақын қасына,

Аялдадың, баяндадың мән-жайды,
Сүйер едім, іңкәр көңіл сондай-ды,
Күйер едім, өртке шалып таңдайды,
Сезім кімді алдайды?

Сен өлімге... Мен өлеңге асықтым,
Батыры кім, батылы кім, жасық кім?
Мен өзеннің өз арнасын бұра алмай,
Сен теңіздің телегейін тасыттың.

Мен өзіңе, ал сен маған ғашық па ең?
Өз шерімді жұттым күміс қасықпен.
Тамшысынан үміт күттік нөсердің,
Алшысынан түспейтұғын асықпен.

Мен де құса, сен де іңкәрсің бар ма амал?
Бәлкім біздер бірге күтер таң да бар...
Өзге кіммен бақ табармын сапарда,
Өз жолыңды сен де енді таңдап ал.

Тағдыр солай, өмір солай кембағал,
Бұл жазмышқа жаса өзің енді амал.
Тамұғымда қалам жалғыз, жалғызбын,
Жұмағыңа бара алмай сен барар.

Ұмыта алмай, өшіре алмай өткенді,
Сен де бәлкім қимай жүрсің көктемді...
Өмірімнің соңы менің көп нүкте,
Сен өмірге қоя алдың ба, леп белгі..?

Сенен жаным, еркелігің бітпесін,
Менен жаным, бақытыңды күтпеші.
Өміріңнің соғып тұрсын сағаты,
Өлеңімнің қойылғанша нүктесі.
Белгілі ғой бітпесі...
Күтпеші...



Ұқсас жұмыстар

Намаз
Қазақ философиясы мен мәдени жүйесінің өркендеуіндегі Әл-Фараби танымының өміршеңдігі
Қорқыт ата жыры және қазақ әдебиеті
Құлшылық құпиясы
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Ел арасына кең тараған ән, толғаулар,өлең шумақтарындағы кешірім өтінген жолдарды еске түсіріп, жазу
Ұлы Француз буржуазиялық революциясы
Суицидтік мінез құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері
Өзіңді сезімге, ашуға билетпе
Суицид
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Этноцентризм және әйелдер
Биоценоз туралы түсінік
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы
Ілияс Есенберлин
Лицензиясыз қызметтен түскен табыстан айыру жөнінде
Фотолюмениценция