Ғалым да, шахтер да бас иетін, Ұстазым барсенің қасиетің

«Ғалым да, шахтер да бас иетін, ұстазым бар — сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, көз алдымнан кетпейді асыл бейнең…» — деген сөздерді айтқанда, менің көз алдыма ең алдымен аяулы ұстазым Эльмира апай елестейді.

Эльмира апайдың мәдениеттілігі, айтқан ақылы, берген білімі бізді жігерлендіріп, қиялымызға қанат бітіріп, арманға жетелейді. Ұстазды әрдайым сыйлай білу керек. Өйткені әрбір адам ұстаздың алдынан өтіп, білім мен тәрбие алады.

Мұғалім — мектептің жүрегі

Біз үшін мұғалім бәрінен де қымбат. Себебі мұғалім — мектептің жүрегі. Ол барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып-үйрететін мейірімді, абзал жан.

Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «дүниедегі мамандық атаулының төресі — ұстаздық». Сондықтан мұғалім мамандығын барлық мамандықтың анасы деуге болады: ұстаздың тәлімін алмайтын жан жоқ.

Ұстаз еңбегінің өлшемі — адам тағдыры

Ұстаз берген тәрбие әр адамның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сол себепті ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ерен еңбек, үлкен жауапкершілік

Француз ойшылы Жан-Жак Руссо: «Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деген. Шынында да, шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағы болатын өрендерді тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.

  • Ұстаз болу — жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік биіктігін баланың бойына дарыту.
  • Ұстаз болу — шәкіртке ата-анасындай болып, тәрбиені де, өнегені де қатар беру.

Ұстаз — ұлы есім

Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы мұғалімді «мектептің жаны» деп бағалаған. Осы сөздің өзінен-ақ ұстаз дегеннің ұлы есім екенін анық аңғаруға болады. Себебі ұстазға деген құрмет — бәрінен биік.