Тыныс алуы - шулы

Стеноздаушы ларингит (жалған круп)

Стеноздаушы ларингит (жалған круп) — көмейдің шырышты қабатының қабынуы. Бұл жағдай көбіне риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы нашарлайды: дауысы қарлығып шығады, құрғақ, «ит үргендей» жөтел пайда болады, дене қызуы көтеріледі. Әдетте 4–5 күн ішінде бала сауығып кетеді.

Аллергиялық диатезі бар балаларда дыбыс желбезектерінің астындағы клетчатка ісініп, тыныс саңылауы тарылып қалуы мүмкін. Стеноз көбіне түнде кенеттен дамиды.

Негізгі белгілері

  • Тыныс алудың қиындауы және сырылды (шулы) демалыстың пайда болуы.
  • Еріннің және мұрын-ауыз үшбұрышының көгілдірленуі (цианоз).
  • Жөтелдің жиілеуі, мазасыздық, тершеңдік.

Стеноздың дәрежелері (тыныс жеткіліксіздігіне қарай)

1-дәреже

Жеңіл
  • «Ит үрген» жөтел.
  • Дауыстың қарлығуы.
  • Алыстан естілетін тыныс алу баланың жылауы немесе мазасыздануы кезінде пайда болады.

2-дәреже

Орташа
  • Бала мазасызданады, жөтел жиілейді.
  • Ентігу және тершеңдік.
  • Мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы айқын көрінеді.

3-дәреже

Ауыр
  • Бала тынымсыз, үрейлі, төсекте мазасыз болады.
  • Тері бозғылт әрі ылғалды; мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы және акроцианоз байқалады.
  • Тыныс алуы шулы; тыныс алуға қабырғааралық бұлшықеттер қатысады.
  • Пульс ырғағы бұзылып, жүрек тондары нашар естілуі мүмкін.

4-дәреже

Өте ауыр (қауіпті)
  • Бала әбден шаршап, әлсірейді; басын артқа тастап, аузымен ауа қармайды.
  • Мойын бұлшықеттері тартылады; цианоз кенеттен күшейеді.
  • Тырысу болуы мүмкін.
  • Пульс ырғағы ретсіз; жүрек тондары нашар естіледі. Тыныс алудың, кейін жүрек соғысының тоқтау қаупі бар.