Әділет тобының сұрақтары

Ашық сабақ: «Заңды білу — заман талабы»

Мақсаты

Оқушыларды құқықтық саналы азамат болуға тәрбиелеу; құқық пен заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге және орындауға дағдыландыру.

Әдістері

  • Талдау
  • Пікірсайыс
  • Сұрақ–жауап

Форматы мен көрнекілігі

Түрі: топпен жұмыс.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, қатысушыларды түгендеу, жұмысқа бағыттау.

II. Сайыс кезеңдері

Бәйге, Тапқырлық, Көкпар, Жорға бөлімдері арқылы білімді бекіту.

Сайыс бөлімдері

І-бөлім. Бәйге

Шарты: әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

І-топ сұрақтары

  1. ҚР Конституциясына анықтама беріңдер.
  2. Заң дегеніміз не?
  3. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?
  4. Жеке адамның құқықтық мәртебесі дегеніміз не?
  5. Үкімет қандай билікті жүзеге асырады?

ІІ-топ сұрақтары

  1. Референдум дегеніміз не?
  2. Азаматтар сайлауға қандай мақсатпен қатысады?
  3. Қазақстанда туған шетел азаматтарының балаларына азаматтық беріле ме?
  4. Конституциялық кеңесте қандай мәселелер қаралады?
  5. Сайлау еркіндігі ұғымын қалай түсінесіңдер?

ІІІ-топ сұрақтары

  1. ҚР Президентінің биылғы Жолдауы қалай аталады?
  2. Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?
  3. Заңды тұлға деген кім?
  4. Азаматтық құқық қабілеттілігі қашан пайда болады?
  5. Шарт дегеніміз не?

ІІ-бөлім. Тапқырлық

Шарты: топпен жұмыс жасау және сұрақтарға дәлелді жауап беру.

І-топ

Азамат неше жастан бастап азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алады?

ІІ-топ

Зейнетақы реформасы және әлеуметтік жәрдемақылар туралы әңгімелеңдер.

ІІІ-топ

«Екі жақты да тыңдамай, үкім шығарма» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойға түрткі

Бұл кезең оқушыларды дәлел келтіруге, қарсы пікірді тыңдауға және құқықтық пайым жасауға үйретеді.

ІІІ-бөлім. Көкпар

Шарты: терминдердің анықтамасын айту.

І-топ

  • Референдум
  • Кодекс
  • Конфессия

ІІ-топ

  • Индивид
  • Федерация
  • Оппозиция

ІІІ-топ

  • Демократия
  • Диктатура
  • Вето

IV-бөлім. Жорға

Шарты: әр топ оқушыларына жағдаяттық сұрақтар беріледі (кеспе қағаздары арқылы).

Ортақ сұрақтар

  1. Заң шығарудағы негізгі мақсат қандай?
  2. Қасым ханның «Қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?
  3. Ата заңымыз қандай қызмет атқарады?

Қосымша тапсырма

Сайыскерлер дайындалғанша сөзжұмбақ ойыны жүргізіледі. Дұрыс шешілгенде, қалың сызықтың ішінен отбасы құқығына қатысты ұғым шығады.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. ҚР-ның елордасы.
  2. Азаматтық шарттардың бір түрі.
  3. Мемлекеттің аумақтық құрылымы.
  4. Адам үшін ең басты құндылық.
  5. Қазақстан аумағында қолданылатын ақша бірлігі.
  6. Жауапкершіліктің негізі.
  7. Ең ауыр жаза.

Сабақ эпиграфы талданып, оқушылардың сабақ туралы пікірлері тыңдалады.

Үйірме сабағы: «Жас құқықтанушылар» сайысы

Сынып: 9 «А», «Ә»

Пән мұғалімі: Р. Қуаңбаева

9 «А», «Ә» сынып оқушылары екі топқа бөлініп, бірнеше кезеңнен тұратын білім сайысына қатысады.

Сайыс кезеңдері

  1. Топпен таныстыру
  2. Білім сайысы
  3. Жылдар сөйлейді
  4. Викторина сұрақтары
  5. Терминдермен жұмыс
  6. Қорытынды

1) Топпен таныстыру

Оқушылар сайысты өзін таныстырудан бастайды: топтың атауы мен мүшелерін таныстырады.

2) Білім сайысы

Әр топқа құқық, қоғам, мемлекет және азаматтық қатынастар тақырыбында сұрақтар қойылады.

«Әділет» тобына сұрақтар

  1. Философия нені зерттейтін ғылым?
  2. Мемлекет деп нені айтамыз?
  3. Қоғамдық өмірдің негізгі аяларын атаңдар.
  4. Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?
  5. Меншіктің қандай түрлері бар?
  6. Сенат төрағасын кім тағайындайды?
  7. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде кімге бағынады?
  8. «Жеті жарғы» заңдарын атап беріңдер.
  9. Азаматтық құқық дегеніміз не?
  10. Қылмыс дегеніміз не?

«Ақиқат» тобына сұрақтар

  1. Қоғам дегеніміз не?
  2. Автохтонды ұлт дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Отбасының атқаратын функциялары қандай?
  4. Саясат дегеніміз не?
  5. Қасым ханның «Қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?
  6. Саяси партиялардың негізгі міндеті қандай?
  7. Құқықтық мемлекет дегеніміз не?
  8. Құқық дегеніміз не?
  9. Заңды тұлға деген кім?
  10. Шетелдік азаматтар жеке тұлға бола ала ма?

3) Жылдар сөйлейді

Бұл бөлімде топ басшыларына маңызды даталар бойынша сұрақ қойылады.

«Әділет» тобының топ басшысына

  1. ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
  2. ҚР Азаматтық кодексі қашан қабылданды?
  3. Бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
  4. ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?
  5. Білім туралы заң қашан қабылданды?

3) Жылдар сөйлейді (жалғасы)

«Ақиқат» тобының топ басшысына

  1. Неке және отбасы туралы заң қашан қабылданды?
  2. ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?
  3. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?
  4. Қазақстан үкіметі қай жылы ақша реформасын іске асырды?
  5. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?

4) Викторина сұрақтары

«Әділет» тобы

  1. «Жеті жарғыны» жазған жеті бидің құрамында кімдер болған?
  2. Азаматтық құқықтар жинағын жасаған кім?
  3. Аристотельдің ұстазы кім?
  4. Қазақ тілінде алғашқы құқықтық құжат жобасын жасап, халық арасына таратқан кім?

4) Викторина сұрақтары (жалғасы)

«Ақиқат» тобы

  1. Құқық тақырыбында құнды еңбектер жазған, Семейде және Омбыда заң қызметкері болған, Алаш партиясының мүшесі — кім?
  2. Ежелгі Римнің саяси қайраткері, атақты сот шешені кім?
  3. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген Афина саяси қайраткері кім?
  4. 1905 жылы жер туралы заң жобасын жасаған белгілі заңгер кім?

5) Терминдермен жұмыс

Ауызша түрде терминдердің мағынасын түсіндіру.

«Әділет» тобы

  • Демократия
  • Ратификация
  • Конвенция
  • Фракция
  • Экология

5) Терминдермен жұмыс (жалғасы)

«Ақиқат» тобы

  • Конфессия
  • Кодекс
  • Реформа
  • Диктатура
  • Референдум

6) Қорытынды

Қазылар алқасы сайыскерлердің жинаған ұпай саны бойынша жеңімпаз топты анықтайды. Жеңімпаз топ марапатталады.

Сабақ жоспары: «Қылмыстық құқық»

Негізгі деректер

Сынып: 9

Пән мұғалімі: Рысгүл Қуаңбаева

Түрі: лекция

Әдісі: баяндау, түсіндіру

Көрнекілігі: ҚР Қылмыстық кодексі

Мақсаты

Оқушыларға қылмыстық құқықтың ұғымын, құрылымын, ұстанымдары мен функцияларын түсіндіру; ойлау қабілетін дамыту; Конституцияны және құқықтық-нормативтік актілерді құрметтеуге әрі сақтауға үйрету.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй жұмысын сұрау (бекіту)

  1. Еңбек құқығы дегенді қалай түсінесің?
  2. Жұмысшының міндеттері қандай?
  3. 16 жастағы бала түнгі жұмысқа қабылдана ала ма?
  4. Еңбек кодексі қашан қабылданды?
  5. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі: құрылымы мен ұғымдары

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді. Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім

Қылмыс пен жаза ұғымы, жазаның түрлері, сондай-ақ жазадан босату жағдайлары қарастырылады.

Ерекше бөлім

Нақты қылмыс түрлері және сол үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.

Негізгі анықтамалар

  • Қылмыс — қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
  • Әрекет — қылмыскердің адамға не қоғамға зиян келтіретін іс-әрекеті.
  • Әрекетсіздік — қылмысқа жол бермеуге тиіс бола тұра, тиісті әрекет жасамау (мысалы, дайындалып жатқан қылмысты біле тұра хабарламау).
  • Қылмыстық құқық — адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Қылмыстық құқықтың негізгі заңдылық базасы — ҚР Конституциясы. Қылмыс көбіне жеке адамға қарсы бағытталады; алайда қоғам жеке адамдардан құралғандықтан, бір адамға жасалған қылмыс қоғамға қарсы қылмыс ретінде де бағаланады.

Жас ерекшелігі

14–16 жас аралығындағы азаматтар қылмыс жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қылмыстың жасалу нысандары (жалпы түсінік)

Қылмыс әдейі (қасақана) немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Тікелей қасақаналықта адам өз әрекетінің нәтижесін алдын ала біледі және соны қалайды. Жанама қасақаналықта адам қауіпті салдарды біледі, қаламаса да, соған саналы түрде жол береді.

Мысал: мас күйдегі адамның бұзақылық жасап, өзен жағасында демалып отырғандарды итермелеуі салдарынан адам қаза табуы — ниет басқа болғанымен, қауіпті салдарға саналы түрде жол беру жағдайын талдауға негіз болады.

Қылмыстық құқықтың функциялары

  • Қорғаушылық
  • Сақтандырушылық
  • Тәрбиелік

Негізгі бағыттары: қоғамдық тәртіпті қорғау, қоршаған ортаны бүлінуден сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

IV. Бекіту сұрақтары

  1. Қылмыс дегеніміз не?
  2. Қылмыстың жасалу себептері қандай болуы мүмкін?
  3. Қылмыстық құқықтың функцияларын атаңдар.
  4. Құқық жүйесіне қандай салалар жатады?
  5. ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?

V–VI. Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушылар бағаланады. Үйге тапсырма: «Қылмыстық құқық» және «Қылмыс қайдан шығады?» тақырыптарында реферат жазып келу.

Дереккөз: http://www.sabak1619-zan_30.html