Желтоқсан желі
Ертеңгілік көрінісі
Балалар безендірілген залға кіреді. Дөңгелене тұрады.
Жүргізуші сөзі
Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді өткіземіз.
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып,
Сойыл таяқ ойнаса да жолында.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді міне еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ертеңгілігімізді кішкентай бүлдіршіндеріміз әнұранмен ашады.
Әрекет
Әнұран орындалады.
Балалардың өлең-жырлары
Әсем
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Диас
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар —
Шарықтаған таза күй.
Жалпы шумақ
Елтаңбасы елімнің —
Елдігімнің белгісі.
Айша
Әнұраным, жанұраным —
Айтар әнім, айтар сөзім.
Туған жерім — сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Музыкалық нөмірлер
Жеке ән
«Менің Отаным»
Орындайтындар: Алтынай, Диас, Әсем, Бақдаулет, Айғаным
Би
«Батырлар»
Орындайтындар: Мейірлан, Бекжан, Диас, Мерейім
Хор
«Желтоқсан желі»
Тәуелсіздікке тағзым
Мерейім
16 желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел қуанып,
Шаттанып ән салған күн.
Бақдаулет
Тегеурінді соққыларды жайратқан,
Ақша қарда судай ақты қайнап қан.
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім —
Айбарым Ләззат, Ербол, Қайраттан.
Еске алу сәті
Балалар суреттен Желтоқсан құрбандарын көреді. Осы аға-апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыз желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат және Желтоқсан ерлерінің рухына 1 минут үнсіздік жариялайық.
Айғаным
Алып дүлей күштің зәре ұшқынын
Алаулатып жылатты бір қыс күнін.
Сабирадай қайран қара көздерім
Тастағанын елге ерлік ұшқынын.
Әділ
Жасасын азат ерлік күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер!
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел!
Достық пен бірлік көріністері
Би
Орыс биі
Орындайтындар: Алтынай, Қымбат, Райхан, Айша
Нұрдаулет
Отан — деген ұлы ана,
Отан — деген ғұлама.
Мен ғана емес, атам да —
Перзенті екен Отанға.
Мейірлан
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігін бөлеп тербеткен —
Отаным, Қазақстаным!
Би
Украин биі
Орындайтындар: Мейірлан — Әсем, Досжан — Айгерім, Сайлау — Әмина
Хор
Ел қорғауға әзірміз.
Болашаққа сенім
Қымбат
Тәуелсіздік — таңнан түскен ақ сәуле,
Тәуелсіздік — бақыт сенде, бақ сенде.
Қарқындайды қариялар қашанда,
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде.
Айкерім
Біз — жас ұлан, Отан өркені,
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкемді.
Хор
«Солдат болам мен ертең»
Қорытынды
Осымен Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдер» тобының ертеңгілігі аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рақмет!
Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Мекеме
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша
Тәрбиеші
Жансүгірова Сәнімгүл
Дереккөз
Sanat: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы