Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы

ЖОСПАР

1.Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
2.Алтын Орданың коғамдық құрылысы.
3.Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы.
4.Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы.
5.Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардаптары.

ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы татарлар деген атау алды.
Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.
Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.
Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.
Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.
XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.
XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.
Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы. Қазақстаннын оңтүстік-шығысы үш ірі монғол ұлыстарының түйіскен орталығына айналды. Жетісу аумағы үшеуінің арасында саяси бөлініске түсті: солтүстік бөлігі Жошы ұлысына, оңтүстігі Шағатай үлысына қарады, Солтүстік-Шығыс Жетісу болса Үгедей үлысының маңызды орталығы болып есептелді. Ұлыс хандарының астаналары Жетісуға орнатылды. Шағатай ұлысына жататын Жетісу аумағында билікке таласкан Шағатай және Үгедей ұрпактарының арасында үздіксіз соғыстар жүріп жатты. Шыңғыс әулетініц арасындағы мүндай соғыстарда екі жак та кешпелі феодалдар арасынан жақтас тауып, оларды да күреске тартты.
1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды. Жері Мөңке ханның (Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің баласы) жақтастарына таратылып берді. Шағатай үлысында да билік колдан-қолға өтті. Әсіресе Мөңке өлгеннен кейін феодалдар тартысы кушейе түсті. 1260 ж. Арығ-Бұғы мен Күбылай екеуі де өздерін үлы хан деп жариялады. Үздіксіз шайқастардан жергілікті қалалар мен егіс алқаптары зардап шегіп, тозуға айналды. Рашид ад-Диннің айтуынша, XIII ғ. 60-жылдарында Арығ-Бүғының тағылық әрекеттерінен Іле алқабында аштык болып, қаншама халык кырылып калған.
1269 ж. үлы ханнан тәуелсіз Хайду мемлекетінің күрылуы жергілікті халықтан шыққан феодал билеушілердің бас көтере бастағанынын куәсі еді. Осы жылы Талас бойында шакырылған кұрылтайда олар отырықшы-егінші аудандарды кұрып кетуден қорғау әрекеттерін жасады.

Алайда Шыңғыс әулетінін арасындағы толассыз талас-тартыс пен Хайдудын ұлы хан армиясымен үзакқа созылған соғысы кұрылтай шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Хайду ізбасарлары арасында басталған өзара тартыстар XV ғ. алғашқы жартысында Жетісудың экономикалык кұлдырауын шегіне жеткізді. Махмуд ибн Уәли Хайду ұлдары мен Шағатайдың шөбересі Доба арасындағы қақтығыстар туралы былай деп жазды: Біздін аталарымыз өзара соғысып жатқан кезде көптеген адамдар жазыксыз қырылды, аудандар канырап калды, иелігіндегі жерлер сағымға айналды, егістік қурап қалды... кдлалар мен құрылыстар адамдар жылы орнын тастап, кезбе кайыршыға айналды.
Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында тұрға Казакстанның оңтүстік-шығысындағы — Баласағұн, Тараз, Алма-лық, Алмату, Қаялык, Ілебалық, Екіоғыз, т. б. үлкенді-кішілі калалац мен елді мекендер жер бетінен жоғалып кетті.
Монғол хандарының арасында жергілікті ел басшыларына арқаі сүйей отырып, отырықшы-егінші және калалык мәдениет негізіндегі бір орталыктан баскдрылатын билік жүйесін жактаушылар да болды. Олардын ең көрнектісі жоғарыда айтылған Добаның үлы Кебек хані (1318—1326 жж.) еді. Ол көшпелі тұрмыстан қол үзіп, Жетісудані Мәуереннахрға барып коныстанды, ақша және әкімшілік реформасын жүргізді, Орта Азиядағы кираған калалардың қалпына келтіріліп, жаңадан кала салынуына ықпал жасады. Оның қамқорлығы аркасында Шағатай ұлысындағы онтүстікказақстандықі калалар калпына келтірілді. XV ғ. ортасында Хайду мемлекетінещ Моғолстан бөлініп шыкты.
Монғол шапқыншылығының Қазақстанга тигізген зардаптары.
Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыруі жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мындаған колөнер шеберлері құлдыкка айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдык, жауыздык әрекеттерге жол берілді.
Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және калалық мәдениеті мешеу қалды. Марко Полонын айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерінде калалардың әскер енгізуге бөгет жасайтын камал-қабырғалары мен кақпалары болуына рұксат етпеді. Осылай ауыздыкталған халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды.
Жетісу калалары жаугершілік кезінде киратылған жоқ. Бірақ Жетісудың үстімен еткен қисапсыз көп әскер атының тұяғымен, тонаумен-ақ бұл ауданның шаруашылығына орасан зор зиян келтірілген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейінгі он жылдың ішінде калалар қиратылып, егістік жер мал жайылымына айналдырылды.
Осы окиғадан кейіи отыз жыл өткенле Іле анғарын басып өткен Вильгельм Рубрук былай деп жазды: Бұл анғарда бүрын көптеген калалар болатын, казір олардын көбін татарлар (монғолдар) киратып, мал жаятын жайылымға айналдырған.
Мырза Мухаммед Хайдар Дулати XVI ғасырда: Моғолстанның кең-байтақ даласында кезге ілінсрлікбіркаланемесеелді мекен қалмады, бұл жерде бұрын калалар болғаны жайлы тек кана кітаптан немесе ауыз екі әңгімеден ғана білуге болады деп жазды.
Монғол феодалдары үстемдік кұрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырыкшы-егіншілік дамыған, халык тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды.
Өзінің стратегиялық жағдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан монғол шапқыншылығы жоспарында маңызды орын алды. ҰЛЫС хандары ездерінің калың нөкерімен және сан мыңдаған әскерімен осы араны астана етті. Мұнда көшіріп әкелінген, көшпелі мал шаруашылығы салтын сақтаған монғол көшпелілеріне (200 мын адам) кең-байтақ жайылымдар кажет болды. Осынын бәрі егістік жерді кыскартуға әкелді. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал тұяғына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші калалармен және егінші аймактармен катынасынын үзілуі — осының бәрі Жетісудағы қалалар өмірінің экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Бұл жерде көп жылдар бойы монғол феодал ақсүйектерінін, калалықжәне отырықшы-егіншілік мәдениетке жаны қас, тәуелді елдін халқын жырткыштыкпен пайдаланатын тобы үстемдік етіп келді. Жетісу аумағындағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы да бұл жердегі шаруашылық пен мәдениеттің одан әрі құлдырай түсуіне ықпал етті. Жаулаушылар бұл арада мықты билік те, темірдей тәртіп те, бейбіт тұрмыс та орната алмады. Қол астындағы халықты ауыр салыктар мен телемдер төлеуге мәжбүр етті: жер салығы, алым жинау, байланыс міндеткерлігі, тұрақты және өтпелі әскерлердің қажетін қамтамасыз етудің жиырма шакты түрі, оның ішінде әскери міндеткерлік — жергілікті халык монғол әскерінін катарын толықтыру үшін жауынгер беріп отыруға міндетті болды.
Монғол шапкыншылығының бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық каты-настардың жаксаруына үлес косты, байланыс және көлік кызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халыктар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халыктар жайлы мәліметтер таратты.
Монғолдар бір орталықтан баскару идеясымен бұрын бастары бірікпей келген туыстас тайпаларды жакындастырды.
Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның Жаса деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың Жеті жарғы зандар жинағын жасаганда Жасаны да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.
Қолданған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994
2.Күзембайұлы. Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999
3. Ырыспайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы.- Алматы, 2000
4.Қазақстан тарихы. Д.Бабаев. Алматы Рауан 1996.
5.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Қ.М.Байпақов, Б.Е.Көмеков, К.А.Пищулина. Алматы Мектеп, 2001.



Ұқсас жұмыстар

Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы
Алтын Орда мемлекеті туралы ақпарат
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы мен құлауы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы туралы мағлұматтар
Қазақстан Монғол империясының құрамында
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Монғол дәуіріндегі қазақ даласы
Алтын орда мемлекетінің билеушілері
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Газды-сұйықты өнімнің атқылауын болдырмау үшін ұңғы сағасын жабдықтау жүйелерін зерттеу және жетілдіру
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
Жүзедегі дипломдық жобада қарастырылған КИВЦЭТ-ЦС автогенді балқыту үшін шихта дайындау үрдісі
жоғарғы оқу орындар үшін гуманитарлық пәндер
ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСЫНДА
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық