Мені ойландыратын жайт, осы күндерге қалай жеттік
Автор туралы
Оқушы: Сырғабаева Ақерке (9-сынып)
Мектеп: Әл-Фараби атындағы №145 мектеп
Жетекші: Тлеболдинова Н.Ы.
Табиғаттан басталған ой
Егемен елімнің тамаша табиғаты мені соншалық еліктірді: қолыма қаламды қашан алғанымды да сезбей қалдым. Енді санаулы күндерден кейін еліміз болып Тұңғыш Президент күнін атап өтеміз. Осы мереке қарсаңында мені бір сауал ойландырды: біз бұл күндерге қалай жеттік?
Көңіл түкпіріндегі жауап
Ата-баба аңсаған Тәуелсіздікпен арайлап атқан таңды қарсы алып, тамаша табиғаттың сәніне бөленген осы жердің менің жерім, менің мекенім болғанына қуана беремін.
Менің елім — менің Отаным
Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдары
Бұл — кеше ғана тәуелсіздігін қолына алып, аяғын қалт-құлт басқан сәбидей, болашағын берік ұстауға белін буған менің елім.
Өсу мен мойындалу
Бұл — құрылғанына жиырма екі жыл толып, өзге елдерге өзін мойындата алған, білімі нық, қойнауы қазынаға толы менің жерім.
Жүрекке жақын қасиет
Бұл — кіндігім кесіліп, кіндік қаным тамған менің Отаным. Туған елімнің торқалы тойы — мен үшін айрықша қымбат.
Айқын сенім
Көңілімді ерекше сезімге бөлеп, қуанышымды қойныма сыйдырмаған осы ой мені бір шындыққа жеткізді: «Менің Отаным — Қазақстан» деп бүкіл әлемге жар салып, кеудемді керіп, мақтанышпен айта алатыныма көзім жетті.
Ендеше, мен қай жерде жүрсем де, қандай жағдайда болсам да: «Менің Отаным — Қазақстан» деп мақтанышпен айта аламын және әрдайым айтып жүремін.
Алғыс және тілек
Менің Отанымды осындай кереметтерге бөлеген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз. Әрқайсымыздың кішкентай отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Көк аспанымызбен астасқан көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Жүректен шыққан үн
ЖАСАСЫН НҰРСҰЛТАН АТА!
Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы