Қара жер мен көк аспан, Ортақ дала тауымыз

Іс-шара туралы мәлімет

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева
Мекеме: Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы

Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Мақсаты

Балалардың бірлік пен ынтымақтастық туралы түсінігін кеңейту, көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен тұтастығын нығайтуға үлес қосатын саналы азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Ұрандар
  • Қима ақ көгершіндер
  • Шарлар
  • Гүлдер
  • Ұлттық костюмдер

Кештің ашылуы

Ән-ұран орындалады.

Жүргізуші: Бірлік пен ынтымағы халықтың —
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет, бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!

Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

Тарихи мазмұн

Бұл мереке бұрын Бүкіләлемдік еңбекшілер күні ретінде аталып өтсе, бүгінде Дүниежүзілік ынтымақтастық күні ретінде кеңінен танылған.

«Елім менің» әні орындалады.

Оқушылар әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, салтанатты шеруге шығады.

Әдеби монтаж

Төмендегі өлең жолдары арқылы балалар ортақ Отан, татулық пен достық құндылықтарын айқын жеткізеді.

1-оқушы

Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.

2-оқушы

Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз —
Ағайынбыз бәріміз.

3-оқушы

Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.

4-оқушы

Алтай, Кавказ ұласып,
Бауырайы кең жатыр.
Бақыт әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.

5-оқушы

Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пен украин —
Терезесі тең жатыр.

6-оқушы

Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.

7-оқушы

Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан —
Ортақ дала, тауымыз.

8-оқушы

Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық — туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.

Хормен: Отан ортақ, жер ортақ, еңбекпен қостық тағдырды.

9-оқушы

Алтын бесік — ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса, қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзінде Тіл заңын.

10-оқушы

Қазақ елі — қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында ежелден
Бірнеше ұлт өмір сүреді.

11-оқушы

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан — тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде
Ағалардың өлең-жырдың бұлағы.

12-оқушы

Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана —
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

«Орыс биі» орындалады.

Жүргізуші сөзі: бірлік туралы ой

Жүргізуші: Отаным — игіліктің ордасы,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы ең биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!

Жүргізуші: Ел тарихы, жер тарихы — өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық орнығып, еліміздің егемендігі мәңгі жасай берсін деп тілейміз.

«Атамекен» әні орындалады.

Өсиет пен бағдар

Жүргізуші кең байтақ Республикамыздың табиғатын — егінді даласын, күмісін шашқан көлдерін, кенге бай өңірін, малға толы өрісін — келешек ұрпаққа аманат ретінде атап өтеді.

«Қазақстан–2030» бағдарламасынан түйін

Қазақстанның болашақта дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін елде тұратын барлық халықтардың өзара достығы мен бірлігі нығаюы, ал жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуға ұмтылысы артуы қажет.

Би орындалады.

Көктем, мамыр және адамзат ынтымағы

Жүргізуші: Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылған жай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай, құлпырады,
Күй толқын көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі — гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.

Өлең оқылады.

Жүргізуші: Егемен ел болдық — қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады — бауырмал елдікпен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.

Халқымыздың қанға сіңген берік бірлігі мен ұйымшылдығы, өзге халықтармен одақтасып, достаса білуі — елді жеңістен жеңіске жетелейді.

Би орындалады.

Бейбітшілік нышаны

Жүргізуші: Бірлік — халықтың салты. Халқымыздың бірлік дәстүрі отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адамзаттың ынтымағына ұласады.

Бейбітшілік құсы — ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.

Ән орындалады.

Сахналық көрініс

Қағаздан жасалған ақ көгершіндер шарға байланып, жоғарыға ұшырылады. Барлық қатысушылар сахнаға шығып, көрермендермен қоштасады.

Қорытынды

Жүргізуші: Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет!