Қазақ осы - құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын


Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Е-е-ей!
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - Өнер алды - тіл дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Е-е-ей!
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.



Ұқсас жұмыстар

Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Қазақ халқы салт- дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі алатын орны
Қазіргі қазақ поэзиясы және ұлттық болмыс
Қытайдағы қазақтардың отбасылық әдет-ғұрыптары
Халық ауыз әдебиетінен- педагогикалық практикалық жұмыс
Ә. Кекілбаев. Бәсеке
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау