Грамматикалық тақырыбымыз Ыңғайлас салалас

Ашық сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдер күні
Типі
Дәстүрлі
Түрі
Жаңа сабақ
Әдістері
Баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, Венн диаграммасы
Көрнекілігі
Слайдтар, оқулық, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих, орыс тілі

Сабақтың мақсаты

Тәрбиелік бағыт

Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы туралы түсіндіру, ана тілін құрметтеуге үйрету, сондай-ақ ыңғайлас салалас құрмалас туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық бағыт

Қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.

Ынталандыру бағыты

Пәнге қызығушылықты арттыру, тілді құрметтеуге, тіл байлығы мен маңызын терең түсінуге баулу.

Кіріспе: тілдің қоғамдағы орны

Тіл — адамзатпен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұл — тілдің адамнан ажырамас серік екенін көрсетеді. Тіл арқылы адамдар пікір алмасады, өзара түсініседі, қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланады: әр адам өз ойын тіл арқылы жеткізеді, ал өзгенің ойын тіл арқылы ұғынады.

Тілді халықтың жаны, сәні, тұтас кескін-келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы — тілінің сақталуына тікелей байланысты.

Мағжан Жұмабаев: «Жан көріністерінің ең қымбаты — ой, ой тілі — сөз. Тіл — адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...»
Жүсіп Баласағұн: «Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі».

Мемлекеттік тіл және заң

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды ететін басты құндылықтардың бірі — тіліміз.

  • 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды.
  • 1997 жылы заң қайта өңделіп, жаңа нұсқасы қабылданды.
  • Заң 6 тараудан, 22 баптан тұрады.
  • 4-бапта: «Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп көрсетілген.

Ендеше, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды анық жеткізе білу — ортақ парыз.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Назарларын сабаққа аудару: тақтадағы суреттермен безендірілген мақал-мәтелдерді шешіп, мазмұнына ой жүгірту.

II. Жаңа сабақ

Тақырып

22 қыркүйек — Тілдер мерекесі

Грамматикалық тақырып

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

А) Грамматика бойынша ауызша сұрақтар

  1. Сөйлем дегеніміз не?
  2. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Жай сөйлем дегеніміз не?
  4. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  5. Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
  6. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  7. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  8. Салалас құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?
  9. Сабақтас пен салаластың айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы түсіндіру.

Салаластың түрлері таныстырылып, оның ішінде ыңғайлас салаласқа ерекше тоқталынады.

Ә) Сөздікпен жұмыс

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Ұлан-байтақ, мереке, жүлделі сөздерімен сөз тіркестерін құрау.
  • Тілдер күні, ұлт, қызықты сөздерімен құрмалас сөйлемдер құрау.
  • Жариялау сөзін сөз құрамына талдау.

Қысқаша сөздік

Ұлан-байтақ
широкий
Ұлт
национальность
Тілдер күні
день языков
Жариялау
объявлять
Тойлау
праздновать
Ұйымдастыру
организовать
Білгір
всезнающий
Жүлделі
призовой
Сайыс
состязание
Мереке
праздник
Қызықты
интересный

Б) Мәтінмен жұмыс

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
  2. Сұрақтарға жауап беру арқылы диалог құрастыру.
  3. Мәтінге ұқсатып, құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып, қысқаша мәтін жазу.

В) Тапсырмалар

1) Синтаксистік тапсырма

Мәтіндегі жай сөйлемдер негізінде 3–4 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрап, толық синтаксистік талдау жасаңыз.

Үлгі

22 қыркүйек — Тілдер күні, бұл мерекені біздің мектепте қызықты атап өтеді.

Талдау үлгісі

  • 2 құрамды ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем (жалғаулықсыз).
  • 1-жай сөйлем: жақты, жалаң, толымды.
  • 2-жай сөйлем: жақсыз, жайылма, толымды.

2) Тест тапсырмалары

1. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

  • A) Ыңғайлас салалас
  • D) Түсіндірмелі салалас
  • В) Себеп-салдар салалас
  • E) Талғаулы салалас
  • C) Қарсылықты салалас
  • F) Кезектес салалас

2. 22 қыркүйек қандай мереке?

  • A) Жаңа жыл
  • D) Тіл мерекесі
  • В) Жеңіс мерекесі
  • E) Бірлік күні
  • C) Республика күні
  • F) Ата заң күні

3. Балалар ертеңгі тамақтарын ішіп болды да, далаға қарай жүгірді.

  • A) Жалғаулықты ыңғайлас салалас
  • D) Түсіндірмелі салалас
  • В) Себеп-салдар салалас
  • E) Талғаулы салалас
  • C) Қарсылықты салалас
  • F) Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас

4. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

  • A) 3
  • D) 5
  • В) 1
  • E) 7
  • C) 8
  • F) 6

5. Берілген жалғаулықтардың қайсысы ыңғайлас салаластың жалғаулығы?

  • A) Бірақ, дегенмен, алайда
  • D) Кейде, біресе, бірде
  • В) Өйткені, сондықтан, сол себепті, және
  • E) Да, де, және, әрі

6. Кем дегенде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем қалай аталады?

  • A) Күрделі сөйлем
  • D) Құрмалас сөйлем
  • В) Жай сөйлем
  • E) Толымды сөйлем
  • C) Атаулы сөйлем
  • F) Лепті сөйлем

7. Мемлекеттік тілді білу — ...

  • A) Парыз
  • D) Керек емес
  • В) Оқу
  • E) Оңай

8. Тіл туралы заң ең алғаш қай жылы қабылданды?

  • A) 1997 жыл, шілде
  • D) 1989 жыл, қыркүйек
  • В) 1991 жыл, маусым
  • E) 1989 жыл, маусым

III. Сергіту сәті: жұмбақтар

1) Жағалай-жағалай тас қойдым, жирен атты бос қойдым. Жауабын көрсету

Жауабы: тіс, тіл.

2) Отыз екісі диірмен тартып, бір қапқа салады. Жауабын көрсету

Жауабы: тіс, тіл.

3) Екі әскер соғысып жатыр, ортасында бір елші. Жауабын көрсету

Жауабы: тіс, тіл.

4) Әрі сүйексіз, әрі тиексіз. Жауабын көрсету

Жауабы: тіл.

5) Ақ тоғайдың ішінде кісінейді күрең тай. Жауабын көрсету

Жауабы: тіл.

IV. Үй тапсырмасы

Тақырып: «Мемлекеттік тіл — менің тілім!»

  • Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып, шығарма жазу.
  • Сол сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

V. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, жауаптарының дәлдігі мен сауаттылығы негізінде бағаланады.

Санат: KZ портал — «Қазақша рефераттар жинағы»