Патриотизмді дамытудың басты шарты - отандастар бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтау
Автор туралы
- Оқушы
- Нұрсейіт Салтанат, 5-сынып
- Мектеп
- Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия
- Жетекші
- Иманбаева М. Т.
Патриотизм: мазмұны мен құндылығы
Патриотизм мәселесінің көтерілуіне тәуелсіз ел атанғанымызға қарамастан, патриотизмнің мазмұны мен құндылықтары әлі күнге дейін толық қалыптаспағаны себеп болып отыр. Жаңадан мемлекет құрып жатқан соң, халық санасында да жаңа көзқарас орнығып, ескі ұғымдардың орнына заманауи, ортақ идеялар жазылуы керек деп ойлаймын.
Патриотизмді дамытудың басты шарты — отандастардың бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтауында. Бірлігі мығым елдің іргесі де берік болады.
Бірліктің бейнесі: құм, су және цемент
Құмды, кесекті, суды немесе топырақты кез келген бала өз қалауынша түрлі пішінге келтіре алады. Ал егер осының бәрін цементпен араластырсаңыз, ол бетонға айналады. Оны бала түгілі, ересек жігіттердің өзі қолмен бұзып, үгіте алмайды.
Сонда кішкентай ғана құм түйіршіктері мен топырақты, суды бір тұтасқа айналдырып тұрған не? Әрине, цемент.
Негізгі ой
-
Миллиондаған отандастарды бір-біріне байлап тұрған — бөлінбес ортақ Отан.
-
Ұлтты біріктіріп, тұтастығын сақтайтын күш — патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік.
-
Бірлік пен татулықты күшейтуде патриотизм — маңызды әрі өзекті мәселе.
Қорытынды
Менің ойымша, патриоттық сезімі жоқ адам өз Отанын шын мәнінде қадірлей алмайды. Әр адамның жүрегінде туған еліне деген құрмет пен жауапкершілік болуы керек. Патриотизм — елді ұйымдастыратын, ұлтты ұйыстыратын және болашаққа сеніммен бастайтын ортақ құндылық.
Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы