Рыскүл апай
Ұстазға алғыс
«Ұстазым — менің ұстазым» атты эссе байқауына сүйікті ұстазымызға арнаймыз.
Ұстаз болу — жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік асыл қасиеттерін баланың бойына дарыта білу. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана, ұстаздық кәсіптің шыңына жетері сөзсіз.
Осындай қасиеттерді бізге сіңіріп жүрген ұстаздарымыздың бірі туралы сыныбымыздың атынан жазуды жөн көрдім.
Рыскүл апайға
Рыскүл апай, біз сізді өте жақсы көреміз. Сізге барлық жақсылықты, ешкім көрмеген бақытты тілейміз.
Сіздің әр сабағыңыз ойынға да, қызыққа да толы. Бізге түрлі ойындарды үйретіп, білім алуды жеңіл әрі әсерлі ете білесіз.
Есте қалған сәт
Үйреткен ойындарыңыздың ішінде ең қызығы — «Құпия дос» ойыны. Сол ойын арқылы сізге, әрі шәкіртіңіз, әрі құпия досыңыз ретінде шын жүректен алғыс айтқым келеді.
Әрбір әсерлі сабағыңыз үшін көп рақмет. Сіз бізді көштен қалдырмай, түрлі сайыстарға қатыстырып, ынталандырып отырасыз.
Шынайы ризашылық
Біз сізге деген алғысымызды шын жүректен білдіреміз. Қаншама ашық сабақ өттік — әрқайсысы мазмұнды да қызықты болды.
Сіздей ұстазды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген анаңызға мың алғыс айтамыз. Бұл — асыра мақтау емес, сіз оған әбден лайықсыз.
Ізгі тілекпен, 6 «Б» сыныбының атынан шәкіртіңіз — Избасар Ұлмира.